Атырау көшелері самаладай жарық болады
Атырау қаласындағы 194 көшеге жарық жүргізу жоспарлануда. 2018-19 жылдар аралығында Атырау қаласында ұзындығы 187 шақырым болатын 194 көшеге жарық жүргізу жоспарлануда. Бүгінгі күнде осы жобаны іске асыру үшін инвесторлармен жұмыс атқарылып жатыр.
Бұл туралы қала әкімі Серік Шапкенов тұрғындармен өткен есеп беру кездесуінде мәлімдеді,- деп xабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Елбасының жолдауындағы «Ақылды қала» тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін, Атырау қаласында бірқатар жобалар қолға алынуда. Атап айтқанда, 2017 жылы мемлекеттік жекеменшік-əріптестік негізінде жалпы ұзындығы 106 шақырым болатын 39 көшеге заманауи диодты жарықтандыру жүйелерін салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде 19 көшедегі жарық шамдары іске қосылды. Қалған 20 көшеге жарық шамдары биыл орнатылып, жарықтандырылады.
С.Муньянова