Мемлекеттік мекемелерде қоқыстарды бөлек жинауға арналған контейнерлерді орнату жоспарлануда
Осындай контейнерлерді 36 орта білім беру мектебі орналыстырып үлгерді. Бүгін осында облыстық маслихат депутаттары, мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпкерлер келді. Қалдықтардың кейбір бөліктерін өндеуге жіберуге болады, мысалға қағаз қалдықтарын- дейді эколог мамандары.
— Қаламызда бұл бағыттағы жұмыстар жалғастыларатын болады. Депутаттардың ұсынысы бойынша алдағы уақытта денсаулық сақтау жүйесінде де біз бұл жұмысты одан әрі өрбітетін боламыз – деп хабарлады қала әкімінің орынбасары Саян Назымұлы.
Сонымен қатар, Павлодарда құрамында сынап бар қалдықтарды жинау және жоюға арналған 160 қоқыс жәшіктері орнатылған. Қызғылт-сары бокстарды қамтуы бойынша жұмысты Екібастұз қаласының жеке компаниясы атқарады.
— Әрине вандализм фактілері де орын алды, бірақ біз оларды дер кезінде жоюға тырысамыз. Мысалға, кеше біздің мамандар қаланы толығымен аралап, сынған қоқыс жәшіктер таба алмаған. – деп облыстық қоршаған орта, су, жер басқармасы басшысының орынбасары Айгерим Қабылтаева хабарлады.
Павлодар облысының баспасөз қызметі