Нығматуллин Әбілқасымоваға: Осы отырғандардың жартысы сөзіңізді түсінген жоқ

 ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен пленарлық отырыста жұмыспен қамту және көші-қон мәселесіне қатысты заң жобасының алғашқы оқылымы өтті. Ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымоваға заң жобасын қарапайым адамға түсінікті етіп ұсынуды тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Осы оқылымнан кейін реттеңіз, өтінемін. Қазір аудиторияға айтқаныңызды тыңдап отырғандардың жартысы түсінбей отыр. Жұмысқа орналастырудың ұзақтығы туралы критерийді айттыңыз. Бақылау қалай болатынын, зейнетақы аударымдары туралы айттыңыз — бұлар да түсініксіз. Барлық өлшемді анықтап алыңыз. Қарапайым адамға түсінікті болсын. Жұмыс істейтін жеке агенттіктерге де бұл ережелер түсінікті болу тиіс, өйткені олар ережені сақтауға міндетті. (…) Екінші тыңдалымда мұның бәрі түсінікті болуы тиіс», — деді Нұрлан Нығматулин.