Адамға, қоғамға және табиғатқа қатысты ырымдар мен тыйымдар
Белгілі этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбек қазақтың дәстүрлі тыйымдарын үш түрлі етіп бір ізге келтірген екен. Яғни, адамға, қоғамға және табиғатқа қатысты тыйымдар.
Қоғамға қатысты
Бесікті теппе.
Беттеп келе жатқан көп малды бойлай бөліп өтпе.
Беті-қолыңды жуынбай тұрып малды өріске шығаруға болмайды.
Босағаға сүйенбе.
Босағаны керме.
Бос бесікті тербетпе.
Бәтен адамды мал ортасына кіргізбе (көз тиеді, мал шошиды).
Бөтен үйге түнде сәлем беріп кірме («Кеш жарық» деу керек).
Бүгінгі істі ертеңге қалдырма.
Біреуге қиянат жасама.
Біреуге тесіліп қарама.
Біреудің ақысын жеме.
Біреудің ала жібін аттама.
Бір қолмен нан үзбе.
Бір қолыңмен су құйма.
«Бісіміллә» демей ас татпа.
Дастарқанды аттама.
Дастарқанды баспа.
Дастарқанды пышақпен қырма.
Дастархан бұрышына отырма.
Дәм ішуді қонақтан бұрын доғарма.
Дос-жаран, құда-жекжаттан ит алма, ит берме.
Дүние қума.
Екі кісінің арасынан өтпе.
Елсіз жерде жалғыз ұйықтама.
Елшіге тиіспе.
Еркектің бес қаруына әйел адам тиіспес болар.
Ер-тоқымды аударып қойма.
Ер-тоқымды теріс салма.
Ер адамды әйел түртіп оятпас болар.
Ескі дауды еске алма.
Ескі моншаға кірме.
Есікті керме.
Есікті қатты серіппе ( «Қайтып кірер есікті қатты серіппе» деген).
Есікті теппе.
Жайдақ атқа мінбе.
Жайдақ ерге мінбе.
Жақсының жасын сұрама,
Жақсыны әжуалама.
Жақсы аттың жағын ашпа.
Жақсы істі қызғанба.
Жақыныңа міндетси берме.
Жалғыз тал шимен ұрма (жалғыз қаласың).
Жаңа байығаннан қарыз алма.
Жаңа түскен келіншек алғашқы перзентін көргенше іш киімін қысқартуға болмайды.
Жаңа үйленгенмен қоңсы қонба.
Жаралы басқа жұғыспа.
Жастыққа отырма.
Жасы үлкенге әзіл айтпа.
Жас баланы ұрма.
Жас босанған әйел үйге кірген итке «кет!» демейді (тісі түсіп қалады).
Жас келін түскен үйіндегі жақындарының атын атамас болар.
Жас малдың мүйізін сипама (қисық болып өседі)
Жас малдың тісін санама.
Жас төлді сипай берме. (өспей қалады).
Жатарда көп тамақ ішпе.
Жатқанда аяғыңды құбылаға берме.
Жатқан кісінің үстінен аттама.
Жатқан малдың үстінен аттама (омыртқасы сынады немесе қасқыр жейді).
Жатып тамақ ішпе.
Жаяу қамшыланба.
Жеңіл ақылмен дос, жолдас болма.
Жер таянба.
Жер таянып отырып ас ішпе.
Жетім-жесірге тиіспе.
Жетім-жесірдің ақысын жеме.
Жозыға мінбе.
Жозының қасында тырнақ алма.
Жозыны қағазбен сүртпе
Жолаушыға сыртта тұрып тіл қатуына болмайды.
Жолаушыдан «қайда барасың?» деп сұрауға болмайды («жол болсын» дейді).
Жолаушының жолын кеспе (уақытын кесіп айтпа).
Жолай кезіккен иір ізді кесіп өтуге болмайды.
Жуындыны есік көзіне төкпе.
Жұма күні кір жума.
Жұма күні үйді ақтама.
Жұрт алдында қатты күрсінбе.
Жүйрік атқа әйел адам мінбес болар.
Жүріп келе жатып тамақ ішпе.
Жыңғылмен ат айдама.
Жіптің астынан өтпе.
Жіпті мойныңа салма.
Зиратқа қарап қол созба.
Қабырды баспа.
Қазан ернеуін босағаға қарай қисайтып аспа (несібең сыртқа төгіледі).
Қайшыны көк шөпке тастама.
Қаралы елге тиіспе..
Қара, қызыл, ақ түсті шүберекті үй үстіне жайма (қаралы тудың белгісі).
Қарт адамның алдын кеспе.
Қаруды адамға кеземе.
Қатты сөйлеме.
Қатынға қатты сенбе.
Қатын мен балаға сыр айтпа.
Қисынсыз сөз айтпа.
Қой қырқатын қайшыны иесіне қайтарғанда қол жалғап берме (қайшыны жүнге орап, „мұны мен емес, жер берді» деп, жерге қояды).
Қолыңды артыңа айқастырып жүрме.
Қол жумай жозы қасына отырма.
Қонағыңа ашуланба.
Қонағыңды жұмсама.
Қонақтың алдын орама.
Қораға дәрет сындырма.
Қотанда ысқырма.
Құбылаға қарап дәрет сындырма.
„Құранды» жерге тастама.
Құран оқығанда жалаң бас отырма.
Құран оқығанда сөйлеме.
Құран оқығанда түрегеп тұрма.
Қызға ер баланы тебуге болмайды.
Қыз баланы босағаға отырғызба.
Кәрі жілікті әйел балаға ұсынба.
Кешкі асты бақпа.
Кеште тырнағыңды алма.
Киімді желбегей жамылма.
Киімді теріс киме.
Көгенді аттама.
Көптен дараланба.
Көп ішінде жалғыз тамақтанба.
Көрпенің ірге жағын түйықтап жатпа.
Көрпені теріс салма (яғни, көрпенің тұйық жағын босағаға қаратып салуға болмайды).
Көршіңе жамандық ойлама.
Күйеуіңнен бұрын жатпа.
Күйеуіңнің ірге жағына жатпа.
Күні түскенге кісәпір болма.
Күректің сабын аттама.
Кірдің суын баспа.
Кірдің суын есік көзіне төкпе.
Кісіге қарап бала емізбе.
Кісіге қарап есінеме.
Кісіге қарап орынсыз күлме.
Кісіге пышақ сұқтама.
Кісіні айналма.
Кісі келгенде тамақ сұрама.
Кісі келгенде үй сыпырма.
Кісі көзінше керілме.
Майлы тамақтан соң салқын су ішпе.
Малға баскиім лақтырма.
Малға зекіме.
Малға қант, түз ұсынып шақырма.
Малға теріс қарап мінбе.
Малға теріс мінбе.
Малдың алғашқы сауымынан алынған майды асқа қолданба (босағаны, табалдырықты, киіздің етегін майла).
Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.
Малдың бітіміне, сүттілігіне сүқтанба.
Малды бөтен адамға саудыртпа.
Малды қу шыбықпен немесе қабықталған ағашпен айдама.
Малды сауарда балтаны ағашқа шанышпайды.
Малды сауған соң қол жумай тұрып, қол беріп амандасуға болмайды.
Малшыдан «Не бағып жүрсің?», „Не сауып жүрсің?» деп сұрама.
Мал қораның есігін ашық қалдырма.
Мал қоршауына шықпа.
Мал сауатын ыдысты төңкеріп ұстама.
Мал сауып жатқанда иесімен сөйлесіп, сауынның жанына келуте болмайды.
Мал төлдеп жатқанда қарызға ештеңе берме.
Маңдайшаға төбеңді тіреме.
Mac қылатын ішімдік ішпе.
Мойынға белбеу салма.
Молаға қарай жүгірме.
Молаға қарап дәрет ұсатпа.
Моланы саусағыңмен көрсетпе.
Мүгедек адамды мазақтама.
Мүрдеге топырақ салғанда күректі екінші адамға қолмен берме.
Мүрдеге топырақ салғанда күректі табаныңмен баспа.
Намазды бөлме.
Нанды баспа.
Нанды бір қолмен үзбе.
Нанды жерге тастама.
Нанды лақтырма.
Нанмен ойнама.
Нанның ұнтағын тастама.
Ойланбай сөйлеме.
Ойланбай іс бастама.
Орынсыз кінә қойма.
Оттықты жақпа.
Өзгенің алдындағы асқа сұғынба.
Өзіңде жоққа мақтанба.
Өзіңе ұнамағанды өзгеге теліме.
Өз басыңа лайық емес сөз айтпа.
Өлген кісіні жамандама.
Өліктің дене топырағын сәндеме.
Өлімге бата жасап қайтқанда басқа үйге кірме.
Өлім бар да қаза бар екенін ұмытпа.
Өсек тасыма.
Өтірік айтпа.
Пышақпен ойнама.
Пышақтың жүзін жалама.
Пышақтың жүзін жоғары қаратып тастама.
Пышақты нанға қадама.
Сүйекті отқа салма.
Сүттің бетін ашық қалдырма.
Сүтті үрлеп ішпе.
Сүт сауатын шелекті су басына апарма.
Сыйлаған немесе сатқан малды еске алып қайғырма.
Сыйлаған немесе сатқан малды жүген, ноқтасымен жіберме.
Сыпырғышпен ұрма.
Сыпырғышты тік қойма.
Сырыңды көрінгенге шашпа.
Табалдырықтың сыртында түрып сөйлеспе. Табалдырықты баспа.
Тәкаппар болма.
Тамаққа қос қолмен сүғынба.
Тамак, ішіп отырған кісіге тесіле қарама.
Тамак, ішіп отырып түрып кетпе.
Таңғы асты тастама.
Таңдайыңды қақпа.
Таяққа сүйенбе.
Тоқымды төсенбе.
Төрге қарап жүреңнен отырма.
Төсекте жылама.
Түзды баспа.
Түмса малдың алғашқы сауған сүтін бөтенге берме. Түмса малды алғаш сауған соң „Сүтті екен» деп мақтама.
Түнде айнаға қарама.
Түнде бақырып жылама.
Түнде жалғыз суға түспе.
Түнде кір жайма.
Түнде сандық ашпа (шығын болады, сандық ашу керек болса, «жылан кіріп кетті» деп ашады).
Түнде суға баруға болмайды (әсіресе әйел адамға).
Түнде түсіңді айтпа.
Түнде шаш алма.
Түрегеп тұрып дәрет ұсатпа.
Түсіңді аузы бейпіл адамға жорытпа.
Тымақ үстінен тымақ киме.
Уыздан соң іле суық су ішпе.
Ұрлық жасама.
Үйге қарай жүгірме.
Үйге сыртыңмен кірме.
Үйде өлік жатқанда от жақпа.
Үйде ысқырма.
Үйді айналма.
Үйіңе келсе, үйдей дауыңды айтпа («Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деген).
Үлкенге қарсы келме.
Үлкенге «Сен» деме.
Үлкеннен бұрын билік айтпа.
Үлкеннен бұрын төрге шықпа.
Үлкеннің сөзін бөлме.
Үлкен кісіге сыртыңды берме.
Үлкен кісіден бұрын дәмге қол созба. Үлкен кісінің жолын кесіп өтпе.
Шақырғаннан қалма («Шақырғанға бармасаң, шақырғанға зар боларсың» деген).
Шақырмаса барма.
Шамды үрлеп өшірме.
Шаңыраққа сәлем бермей кірме.
Шарап ішпе.
Шашты баспа.
Шашты далаға тастама.
Шәйнектің шүмегін төмен қаратпа.
Шошқа етін жеме.
Шылым шекпе.
Шырақты үрлеме (ұмытшақ боласың).
Ыстық тамақты қомағайланып ішпе