Әрқайсысымыздың басымыздағы қиындыққа Құраннан 3 жауап

Бәріміз бір Аллаға сеніп, оған мойынсұнғанымызбен, басымызға қиындық түсе қалса, тағдырдың жазуы солай деп емес, сабырлылық танытпай, Жаратушыға күпірлік ететініміз бар. Ол қиындықты сізден де төмен қайыршылар, ауыр науқастар өткеріп жатқандығын білсеңіз де, пенде болған соң, нәпсінің құлы болып кеткеніміз де шындық қой.
Сіз менің неге жолым болмай жүр? Неге бұл жағдай маған тап болды? Маған енді кім көмектесе алар екен? Бәрінен шаршадым. Өмір сүргім келмейді. Әр күнімді шүкірмен деп өзімді алдаусыратқан бүйткен күні құрсын деп шыдамыңыз таусылған болар. Сізді сан саққа жүгіртіп, ойландырған сауалдың жауабына қасиетті Құран Кәрімнен жауап таптық. Оқыңыз, ойланыңыз!

Дәл осы қиындықты неге мен өткеруім керек? Неге менің басыма түсті?

Жауап:
ҚҰРАН 2:286 («Бақара» сүресі, 286-аят)
«Алла Тағала кісіге шамасы келетін міндетті ғана жүктейді. Істеген жақсылығы өз пайдасына да, жамандығы өз зиянына».

ҚҰРАН 94:5-6 («Шарх» сүресі, 5-6 аят)
«Негізінде ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар. Шын мәнінде қиыншылықпен бірге бір оңайлық бар».

Бұл қиындыққа төзе алмаймын. Шыдамым әбден таусылды.

Жауап:
ҚҰРАН 12:87 ( «Юсуп» сүресі, 87-аят)
«Алланың мәрхеметінен күдер үзбеңдер. Өйткені Алланың рахметінен, қарсы болған қауым күдер үзеді».
ҚҰРАН 39:53 («Зүмәр» сүресі, 53-аят)
«Әй, өздеріне зиян қылған құлдарым! Алланың рахметінен күдер үзбеңдер. Алла біртұтас күнәларды жарылқайды. Өйткені Ол тым жарылқаушы, шексіз мейірімді».

Басыма түскен азапты күндерден маған келер сауап бар ма?

Жауап:
ҚҰРАН 9:111 («Әнфал» сүресі, 111-аят)
«Күдіксіз Алла мүміндердің жандарын, малдарын жәннаттан аманаттап айырбастап алды. Олар Алла жолында соғысады, өледі және өлтіреді. Бұған байланысты хақ уәде Тауратта, Інжілде және Құранда бар. Алладан артық уәдесін кім орындайды? Ендеше, бұл саудаласқан саудаларыңа қуаныңдар. Міне осы ірі қол жетушілік».