«Адамдардың өз әдебі бар секілді үйдің де өз әдебі, заңдары бар»

Әжемнің әңгімесі, әжелеріміз аман болсын!

Қарт кісі ақырындап бөлмесінен шықты. Қонақ бөлмеде немересі мен келінінің дауыстарын естіді:

Келіні:
«-Балам, дастарханға отыр, сорпаңды құйып қойдым, суытпай ішіп ал!», деді баласына.

Қонақ бөлменің бір бұрышындағы өзінің ауылдан алып келген ескі көрпесінің үстіне отырған әжесін көрген немересі:
«-Әже, кел бірге тамақ ішеміз!» деді.

Қарт кісі бір күрсініп алып:
«-Үйдің отағасы келмей тұрып дастарханға отыруға болмайды. Әкеңіз келсін, бірге ішеміз, бұйырса!» деді.

Келіні:
«-Ойбаай, апа! Бұл әдеттердің заманы өтті, ескірді. Қазіргілер кім аш болса дастарханға отыра береді, ал балаңыз келсе өзі жей береді» деді дауыстап.

«-Қызым, адамдардың өз әдебі бар секілді үйдің де өз әдебі, заңдары бар»

Немересі шыдай алмай, сөзге араласып сұрақ қойды:
«Әжеее, не ол үйдің әдебі?!».

Қарт кісі сөзін бастады:
«- Біз кішкентай кезімізде әкеміздің алдында дұрыс отыруды үйренетін едік.
Үйде ата–анамыздың алдында аяғымызды созып отырмайтынбыз, үлкендеріміз сөйлесіп отырғанда олар рұқсат бермегенше сөзге араласпайтынбыз.
Бөлмеге үлкендеріміз келгенде тұрағалып орын беретінбіз. Әкеміз дастарханға отырмай тұрып біз ешқашан дастарханға отырмайтын едік.
Әкеміз келіп: «Бисмилла, ал келіңдер!» деп айтатын. Сол кезде ғана барлығымыз қуана келіп отыратын едік. Соңында дастархан батасы оқылатын.
Отбасыңмен жеген тамақтан дәмді тамақ болама, құлыным!
Дастархан әдебі деген осы!» деді қарт кісі.

Немересі:
«-Мұншама нәрселер жүйкеңізді тоздырып, стресс болмайсыз ба әже?!» деді.

«-Жооқ, құлыным!
Біздің заманымызда құрмет болған жерде махаббат мәңгі қалатын.
Махаббат болған жерде стрес мүлдем болмайтын. Тамақтар дәмді, ұйқымыз тыныш еді.
Білесің ба? Мен стресс деген сөзді осында, қалаға келіп үйрендім.
Біздің ауылымызда ақыл кемістігі бар бір бала болатын. Бәрі оны «Жынды, Ибрам» дейтін. Оның өзі де бақытты болатын. Кешке дейін көшеде балалармен ойнайтын, қарны ашса бір есікті қағатын. Қай есікті қақса да, оны үй иелері тойғызып жіберетін еді. Шашы өсіп кетсе шаштараз шашын қиып қоятын. Хамамшы оны шомылдырып тұратын. Жұма күндері ауыл кісілері оның қолынан ұстап, намазға апаратын. Ешкім оны кемсітпейтін.
Қазір ешқандай нәрсеге құрмет қалмады.
Қарашы, үйлерге де құрмет жоқ! Кеш болса да перделер жабылмаған, барлық үйлердің іші көрініп тұр, бірақ ешкім ұялмайды. Біз кеш батпай тұрып, перделерді жауып, жарықтарды қосатын едік. Перде жабық болса да үстімізді ауыстыруға ұялып, жерге шөгіп ауыстыратын едік. Сырттан көлеңкеміз көрініуін ойасақ ұялатын едік» деді әже.

Сол сәтте келіні ұялып ақырындап тұрып перделерді жапты.

Қарт кісі өзінің сөзін жалғастыра берді:
« -Үйдің әдебі пердесінің жабылып жабылмағанынан белгілі болады!- дейтін еді үлкендеріміз.
Үйдің алдына ешкім іш киімдерін асып қоймайтын еді, көршілерден де ұялатын еді. Мен кішкентай кезімде шалбарымды үйдің алдына іліп қойған едім, анам келіп
-Қызым, әкең бүгін аулыға шыққан кезде сенің шалбарың ілулі тұрған, қалай ұялғанымды білсең ғой. Екінші рет ортаға ілме, үйдің артына іл, үстінен жұқа мата іліп қой деп ұрсқаны есімде.
Мен ол кезде 12 жаста едім. Анам бұны маған сөйлеген кезде жер жарылып жерге кіріп кетсем екен деп тұрдым ұялғанымнан. Қазір қалай? Өткенде таза ауа алайын деп балконға шығып едім, қарсыдағы көршіміз барлық кірлерін асып қойыпты, ұялғанымнан ішке кіріп кеттім.

-Адамдар енді тамақтарын сыртта жейтін болды, «көз ақы» деген болады, оны ешкім ойламайды. Базардан сатып алғанымызды іші көрінбейтін пәкетпен үйге алып келетін едік, себебі алалатындар бар, аламайтындар бар. Көз ақы, қызғаныш болады… Бұның емі бар ма, құлыным?
Біздің Пайғамбарымыз (с.а.с), «Тамағыңыздың иісімен көршіңіздің үйінде аза оқымаңыз» деп айтты. Бұл иіспен жей алмайтын адамдарға аза оқисыз. Әрине бұл иманыңызға қиыншылық алып келеді, соңында «стресс» деп дәрігерге барасыз.
-Үйдің тағы бір әдебі бар, ең маңыздысы да осы. Үйде жасалынған нәрселер ешқашан сыртқа шығарылмайды: жегеніміз, ішкеніміз, әңгімелер, ұрыстар…
Бұл да үйдің бір әдебі, ешкімге айтылмайды.
Сол үшін үй ішіндегі мәселелер оңай шешіледі. Пайғамбарымыз да, әсіресе әйелімен күйеуі арасындағы әңгімелер ешкімге айтылмайды, бұл күнә болып табылады деген хадистер айтқан, солай емес па «Ләйлашым!» деді келініне…
Ләйла ұялыңқырап:
«-Иә анашым!» деді ақырын дауыспен.

Немересі:
«-Әже, қазір фейсбук деген нәрсе бар, адамдар ресторанда отырғанын, не жегенін суретке түсіріп мындаған адамға көрсетеді!»
«-Ойбүүүй… Адам еш не жегенін көрсете ма?» деді әжесі таң қалып.
«-Аахх, әже, әр нәрсенің фотосуреті бар. Қыдырған жерлері, не жегенін, не кигенін, жұбайлары алған гүлдердің үстіне жазылған тілектердің де фотосуреті бар» деді немересі.
«-Құлыным,сен не айтып отырсың? Ақыр заман жақындап қалды ма? Үйлер тыр жалаңыш қалды ма?» деп әже көз жасымен әңгімесін жалғастырды:

«-Біз отағамыздың алдында бірге жүруге ұялатын едік, себебі жесірлер бар, тұрмыс құралмайтын қыздар бар. Олардың көңілдерін жаралағымыз келмейтін. Отағамыздан бір қадам артта жүретінбіз.
Қазір ұрыстар ортада, сүйгендер ортада..
Әрине ар-ұят болмаған жерде мейірім де қалмайды. Үлкендерімізге құрмет етсек бұл үйіміздің берекеті болатын.
Үйдің ұяты жабылған перделер болатын.
Махабаттың ұяты жасырыну. Көздің ұяты көзде. Дененің ұяты жабық киімдер. Ұялу, ар намыс иманнан келетін нәрселер.
Мен саған анамның бір хикаясын айтып берейін. Негізінде бұл бір хадис. Алланың Пайғамбарға хабар бергенін, Пайғамбар айтып береді:
Бұл хадис:
Аллах Тағала, Адам атаны жаратқанда Жебірейіл оған үш сыйлық алып келді: Білім,ұят, ақыл. Оған былай деді: «Адам! Бұдан қалағаныңды ал!»
Адам ата ақылды таңдады. Жебрейіл ұят пен білімді таңдауын сұрады.
Ұят пен білім былай деді:
-Біз рухтар әлемінде үнемі бірге едік. Бір-бірімізден ешқашан айрылмаймыз. Рух мәйітке кірсе де солай болып қалады. Ақыл қайда болса менде сонда боламын. Жебірейіл орындарыңа орналасыңдар дегенде ақыл миға, білім жүрекке, ұятта көзге орналасты.

Сол үшін осы хадисте айтылғандай ұяттың жері көз. Осы үшін һәм көзімізді, һәм көзге көрінетін нәрселерді байқауымыз керек.» деді әжесі.

Келіні:
«-Дұрыс айтасыз, анашым. Біз ар-намысымызды ұмыттық» деді мұңайып.
Немересі қасығын ақырындап қойып:
«-Мен әкем келгенде тамақ ішемін, анашым!» деді күлімсіреп.

Әжесі болса айтқан сөздерінің келіні мен немересі әсер еткенін байқап Құдайға шүкіршілік етті.

Аударған Lazzat Bazarbayeva