Әйелді бақытты етуге 5 кеңес
Күндегі тіршілікпен жүріп жақындардың бір-біріне көңіл бөлетін уақыттары болмай жатады. Ал бұл ерлі-зайыптылар үшін маңызды, әсіресе әйел адамдарға. Себебі, әйелдер жарының өзіне көңіл аударып, жылы сөзін естігенді ұнатады. Сондықтан 5 минутыңызды бөліп, әйеліңіздің бақытты болуына себеп болатын келесі кеңестерімізге назар аударыңыз:
- Үйге келгенде «Қалың қалай? Бүгінгі күнің қалай өтті?» — деп сұрап қойыңыз.
- Әйеліңізге оны бағалайтыныңызды, сыйлайтыныңызды айтыңыз.
- Жұмыс уақытында қоңырау шалып жағдайын сұрап қойыңыз.
- Ара-тұра сыйлық жасап тұрыңыз. Мәселе оның қымбаттылығында да, үлкендігінде де емес. Бір тал гүлдің өзі жарыңызды қатты қуантады.
- Киіміңізді таза ұстап, сырт келбетіңізге мән беріңіз. Бұл әйеліңізге деген құрметтің белгісі.