8 наурыз туралы 8 қызықты дерек
- Әйелдер мейрамы ежелгі Римде де аталып өтілетін. Ол күні бас бостандығы бар әйелдер жолдастарынан сыйлық алатын болған, ал күңдерге ол күні қожайын тарапынан демалыс берілетін болған.
- 8 наурыз әлемнің барлық елдерінде Халықаралық әйелдер күні ретінде аталып өтпейді. Мысалы, Сирияда 8 наурыз күні «Төңкеріс күні» болса, Либерияда (Африканың батыс жағалауы) — «құрбан болғандарды еске алу күні».
- Румынияда 8 наурыз екі мейрамның жүгін арқалаған. Бұл күн балалары анасы мен әжесіне сыйлық беретін «Аналардың күнімен» де сәйкес келеді.
- Португалия мен Румынияда 8 наурыздың түнінде әйелдер тек қана әйелдер қауымына арналған жиындар мен орындарда көңіл көтереді. Бұндай дәстүрлер әйел статусын қоғам алдында биіктете түсу үшін шығарылған.
- 8 наурызға арналған гүлдерден мимоза мен нарцисс кең таралған, мейрамның бейресми символы мимоза гүлі. Дегенмен, көктемде бүр атқан барлық гүлдер осы мерекеде нәзік жандылардың басты қуанышына айналады.
- 1910 жыл — 8 наурыздың туған күні. Осы күннен бастап, осы бір мерейлі мерекенің ғұмыры талай армандар мен үміттің символындай болып әр жүректе өріліп келеді.
- 8 наурызды ресми түрде әлемнің 30-ға жуық елі тойлайды. Біздің елімізде бұл мереке кең көлемде аталып өтіледі. Кеңес Одағы құрамындағы барлық елдер Одақ ыдыраған соң да бұл мерекені тойлауды жалғастыруда.
- 8 наурыз көптеген тарихи оқиғаларды өзіне жүктейді. Осы күні әйелдер өзінің бостандығы үшін, теңдігі үшін ереуілге шыққан болатын.
massaget.kz