Басыңыз ауырса осылай жасаңыз!
Әлемдегі әрбір бесінші адам бас ауруынан зардап шегеді екен. Олардың көбі – бас сақинасы ауруына шалдыққандар. Алайда жай күнде басымыз ауыра бастаса, дәрі-дәрмекке жүгінеміз. Оның ішінде кейбірі денсаулыққа кері әсер ететіндіктен, дәрі-дәрмексіз де емдеуге болатын ем-шара түрлерін назарларыңызға ұсынамыз.
1. Қатты бас ауырғанда желкеден бастап белге дейін массаж жасап, басуға болады;
2. Күніге таңертең 1 стақан сүтке 1 ас қасық бал салып, 0,2 гр тасдәріні (мумие) қосып ішу керек;
3. Бастың ауырған тұсына қырыққабат, өгейшөп, жалбыз жапырақтарын басады;
4. Киікоты (душица) жапырағын майдалап турап, иісін иіскеп бас ауруынан арылуға болады;
5. Қыша қағазын 15 минут желкеге қойып бас ауруын емдеуге болады;
6. Картопты домалақ әрі жұқа етіп турап бастың ауырған тұсына таңса шипа болады;
7. Қатты уайымдап, ойланғаннан бас ауырса, жылы бұлау қабылдап, аяқты ыстық суға 15-20 минут салып отырады. Содан соң 1 стақан қайнаған ыстық суға 1 шай қасық жалбыз ұнтағын салып демдеп, ыстық күйінде ішеді;
8. Құлақтың тесігіне сиятындай етіп мақта орайды да, оны қызылша немесе пияз шырынына малып құлаққа тығып қояды. Сосын басты жүннен тоқылған орамалмен байлап тастайды. Бұл тәсіл бас ауруынан толығымен айықтырады;
9. Бас ауруын емдеудің тағы бір тәсілі – пиязды екіге бөліп самайға 15-20 минут басады;
10. Алма сірке суынан дайындалған мұзбен маңдай, самай, желкені ысқылап сүрту керек;
11. Арнайы медициналық балшықты маңдай, желке, самайға жабыстырып жату керек;
12. Ас тұзын қалтаға салып 2-3 минутқа мұздатқышқа қояды. Сосын оны бастың төбесіне басып, жатып демалу керек. 10 минуттан соң осы тұзды көзді жұмып сыртынан 10-15 минут басады;
13. Аяқ, тобық және саусақтарға бар күшпен жылдам 15-20 минуттан массаж жасайды;
14. Лимон қабығын самай мен маңдайға басады;
15. Ыдысқа салқын су құйып, қолды 2-3 минут салады. Енді қолды шығарып 1 минуттай кептіреді. Осы емді 3-4 рет жасап бас ауруынан арылуға болады.
Ал сіз бас ауырғанда не істейсіз? Дәрі ішпей, ауруды басу үшін қандай әдіс-тәсілдерді қолданасыз?