Маңғыстау облысында161 мың 502 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

МАҢҒЫСТАУДА 161 МЫҢ 502 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛЫП, МЕМЛЕКЕТ ПАЙДАСЫНА 560 МЛН. 110 МЫҢ 088 ТЕҢГЕ ӨНДІРІЛДІ

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен Маңғыстау облыстық мәслихатының 6-шақырылымы өтті. Жиында елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне жастарды тарту саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар, Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы, Маңғыстау облысының жасыл аймақтарын ұстау және қорғау ережесі жөнінде, Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендерін жақсарту ережелерін бекіту және облыстық мәслихаттың жетінші сессиясының төрағасын сайлау мәселелері қаралды.

Дмитрий Александрович Клинчев облыстық мәслихаттың № 3 сайлау округінің депутатының XVII сессиясының төрағасы етіп сайланды.

«Жастарды еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту бойынша облыста атқарылып жатқан жұмыстар туралы» облыстың жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Бауыржан Тұяқов баяндама жасады.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси-қоғамдық дамуына жастардың белсенділігін көтеру мақсатында облысымызда 8 жастар ресурстық орталықтары жұмыс істейді (1-облыстық, 2-қалалық және 5-аудандық). 2017 жылдың қорытындысы бойынша жастар ресурстық орталықтары арқылы 2855 жасқа консультациялық көмек көрсетілді. Жастар жұмыссыздығын алдын алу мақсатында былтырғы жылы жүйелі жұмыстар атқарылып, нәтижесінде жастар жұмыссыздығының деңгейі 5,0 %-дан 3,5%-ға төмендеген. «Жастар практикасы» жобасы бойынша уақытша жұмыс орындарына 1401 жас орналасты, 2079 жас қоғамдық жұмыстарға жолданды. 2017 жылы облыс аумағында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысын жүргізу мақсатында 1175 жас жұмысқа тартылды.

Сессия барысында өңірге қажетті кадрлар даярлау мақсатында «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында оқу базасын ашуға ықпал ету; жастардың спорт кешендерінде шұғылдануына жеңілдіктер берудің мүмкіндігін қарастыру;жастармен профилактикалық, ақпараттық және түсіндіру жұмыстарын жетілдіру, оларды қоғамдық, мәдени және бұқаралық іс-шараларға тарту;«Жаңа серпін» өңірлік бағдарламасы бойынша жастарды оқыту, оларға жаңа мамандықтарды үйрету жұмыстарын жалғастыру;Ш. Есенов атындағы университетінің ғимаратында «Co-Working» орталығын ашудың мүмкіндігін қарастыру туралы шешім қабылданды.

«Облыстың ішкі істер органдары Жергілікті полиция қызметі басшысының есебі туралы» облыстың ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің басшысы Ұ.Мылтықов өз баяндамасында қоғамдық

тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын-алу және жол қозғалыс қауіпсіздігі бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілгенін атап өтті.

Өңірдің қауіпсіздігін, тұрақтылығын және орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін «Автобус», «Қауіпсіз жол», «Жолда қабылдау», «Учаске», «Назар аударыңыздар балалар», «Оқу», «Рецидив» сынды бірқатар жедел және алдын алу шаралары жүргізілді. 2017 жылғы статистикалық мәліметтеріне сәйкес, тіркелген қылмыстың жалпы саны– 13,4 пайызға (6600-ден 5715-ке дейін), оның ішінде аса ауыр қылмыстар — 2 пайызға (49-дан 48-ге дейін), орта дәрежелі қылмыстар – 15,8 пайызға (3876-дан 3263-ке дейін)жәнеаса ауыр емес қылмыстар саны – 22,6 пайызға (1186-дан 918-ге дейін) азайған.

 

Бұдан басқа, қоғамдық орында жасалған қылмыстар саны 3,7 пайызға (1552-ден 1494-ке дейін), көшеде орын алған қылмыстар 3,8 пайызға (772-ден 743-ке дейін), кәмелетке толмағандармен орын алған қылмыстар саны 12,8 пайызға (78-ден 68-ге дейін), жол-көлік оқиғаларының саны 2,4 пайызға (336-дан 328-ге), онда қаза болғандардың саны 10,3 пайызға (97-ден 87-ге), жарақат алғандардың саны 2,4 пайызға (423-тен 413-ке) азайған.Есепті кезеңде 161 мың 502 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып 832 млн. 146 мың 511 теңге айыппұл салынып, мемлекет пайдасына 560 млн. 110 мың 088 теңге өндіріліп алынған.

 

«Жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің штат санын тиесілі нормаға дейін жеткізу мәселесі әлі де болса өзекті күйінде қалуда. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бекіткен нормативке сәйкес облыста учаскелік полиция инспекторлары жетіспейді, олар жұмыс жасайтын қосымша учаскелік полиция пунктерін ашу қажет. Соңғы кезде республикалық маңызы бар автожолдардың салынуына байланысты жол патрулдік полициясының қызметкерлері жетіспейді. Егер облыстың тұрғындары санынан есептесек, жергілікті полиция қызметіне кемінде 390 қызметкер жұмысқа қабылдануы керек», — деді облыстың ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің басшысы Ұлықбек Мылтықов.

Жиын барысында сөз сөйлеген облыс әкімі Ералы Тоғжанов Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы Жарлығына сәйкес, 1 наурызда елімізде Алғыс айту күнін атап өтетінін айта келе, облыстық мәслихат депутаттарына ел игілігі үшін атқарған жұмыстарына алғыс айтты:

«Жастарды оқытатын бағдарламаның көп болғаны жақсы, бірақ олар нәтижелі болуы керек. Маман атанған әрбір жасты жұмыспен қамту шараларын күшейту қажет. Жастарды қоғамдық жұмыстарға, ауыл шаруашылық саласына тарту – басты мақсат. Оған ниет білдіріп жатырған азаматтар да аз емес. Сондай-ақ, дін, ажырасу мәселелері де назардан тыс қалмайды. Маңғыстаудың салт-дәстүрлері мықты ғой, соны жастардың бойына сіңіру үшін, қайта жаңғырту үшін жоспарлы жұмыс істеу керек. Ал жол участкелік полициясының жетіспеушілігі мен қауіпсіздік мәселелері күн тәртібінде тұр. Цифровизацияны енгізу бойынша нақты іс-шаралар қажет».

Облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Аббат Өрісбаев 6 сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есепті кезеңінде 7 отырысы өткізіліп, онда 76 мәселе қаралғаны туралыбаяндады. «2017 – 2019 жылдарға арналған бюджетті нақтылау кезінде «Аққу» тұрғын үй кешені кұрылысының жалғасуына 3,1 млрд. теңге бөлінуі бойынша комиссия отырысында қызу талқылау өтті.Салынып жатқан әлеуметтік объектілердің сапалығына, бөлінген қаржылардың толық және нәтижелі орындалуына, жолаушылар тасымалына, кейбір елді мекендерді электр қуатымен және газбен қамтамасыз ету мәселелері жиі айтылды», — деді Облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Аббат Өрісбаев.

 

 

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ