Электр қарумен жүрген азамат ұсталды
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен (ішкi iстер органдарында тiркелмеген, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары электрлі қаруды заңсыз сақтау) әкімшілік іс қаралды.
2018 жылдың ақпан айында Атырау темір жол вокзалында ішкі істер бөлімі қызметкерлері азамат А.-ны тоқтатып, жеке тінту жүргізген. Тінту кезінде азамат А-дан өзімен бірге заңсыз алып жүрген сыртында ақ түспен «Police Floshight» деп жазылған электрлі қару (электрошокер) табылған.
Сот қаулысымен құқық бұзушы А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оның қаруы (электрошокер) тәркіленіп, заң бұзушылық әрекеті үшін 33 670 теңге айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Светлана Муньянова