Жігіттер екіншігәрі көргісі келмейтін қыздың 10 белгісі
Оқы да, ондай еместігіңе көз жеткіз
Біздің заманда ақылына көркі сай сұлулар көп. Олардың қолында бәрі бар. Тек жалғыз. Оларға көңілі түсетін азаматтар да баршылық. Бірақ…
1. Мылжың қыз
Ол тыңдай білмейді. Сөзді бөле береді. Әңгіме айтқанда сізге түк қызық емес бүге-шігесіне дейін қалдырмай айтады. Шын мәнінде сіз оған сұрақ қоюға да қорқа бастайсыз. Оның жауабы кем дегенде 15 минуттан соң барып айтылатынын түсінесіз. Қыздар! Ашық-жарқын болу деген мылжың болу деген сөз емес!
2. Нон стоп режимінде болғанда да хатты тым көп жаза беретін қыз
Сәт сайын «Не істеп жатсың?», «Не қызық?», «Неге жоқ боп кеттің?» деп сұрап, жауап алмағанына ренжитін қыз.
3. Саламатты өмір салтын тым қатаң ұстанушы
Өзі ойлағандай. Жүріп жүрген қызынан дұрыс тамақтану туралы лекция тыңдау жұрттың бәріне жаға бермейді. Егер салаттың ішінен қатқан нандарды көріп, шошыса, ол қыздан қашыңыз. Табаныңызды жалтыратқаныңыз жөн!
4. Барлық мәселені бірден шешіп тастауды ұнататын қыз
Бірінші кездесудің өзінде-ақ тойға қанша адам шақыратынын айтып, болашақтағы балаларына ат қойып тастайтын қыз.
5. Селфиге түскіш
Естелікке сурет — бұл тамаша. Бірақ бір сағаттың ішінде отыз сурет кімді болса да жалықтырады. Сосын ол суреттерге қайта-қайта үңіле беретінін қайтерсің…
6. Жігітті қамқорлыққа алып, көңілін аулай бергіш «шеше»
Жігіттер анасына ұқсас әйелді іздейді дегенге қатты сенеді. Жігіт ояна сала телефонға қараса, «қар жауды, жылы киін» деген хабарлама тұрады. Ол жігіттің барлық ойын оқып отырады. Әрдайым қамқорлық танытады. Қайда, кіммен жүргенін сұрайды. Жыласа, жұбатады. Өстіп өзіне деген пейілдің бәрін өшіріп алады.
7. Жеке фотографым болшы дейтін қыз
Ол селфишіл қыздан бетер. Ол жігіт оны әр жерде әдемі қылып түсіруге ынталы деп қиялдайды. Шын мәнінде жігіттер ондайдан тез шаршайды.
8. Ақымақ және жеңілтек қыздар
Кітапқа бас қойып, қанша дипломың барын санап әуре болма. Тек бір-екі тақырыптан аса алмайтын қыздар туралы айтқымыз келеді. Өзін жетілдіруге еш ұмтылмайтындары туралы. Жігіттің өзін бағалауы жанында қандай қыз барына тәуелді болады екен дейді психологтар. Әр азамат таңдауымен мақтанғысы келеді.
9. Қатып қалған карьерист
Мақсатшыл болу – әрине, жақсы. Бірақ карьера өмірлік мақсат болуы тым қиын. Ондай қызға еркектің керегі не? Өзі де көйлек киген еркектей өмір сүрсе?
10. Тым тәжірибелі қыз
Өмірдің әр қырынан хабары көп. Жігіт қандай әңгіме айтса да, ол қыздың өзіндік көзқарасы бар. Оған қоса, нені қалай дұрыс жасаудың жолын да біліп тұрады. Ол қыз барлық жерде болған, бәрін істеп көрген, білмейтіні бит астында. Оның жанында өзін әпенді сезініп жүре беруге ешкім шыдамайды.