Үш күн ережесі

Әрбіріміздің де алға қойған мақсатқа немқұрайлы қарап, өмірге бей-жай болатын кезіміз боп тұрады. Мұндай сәтте көмекке үш күн ережесі келеді.
Айналадағы адамдар сені естуі үшін, қолдау үшін келісті сөз айту жеткіліксіз. Сол сөзге сай әрекет жасау қажет. Әйтпесе, сен жай ғана мылжың болғаның. Ешбір жетістікке лайық болмағаның.
Бұл қасиеттерді адам көбірек көңіл бөлетін саласына қарай бағалауға болады: отбасы, жұмыс. Адамдар осы ортада бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болады. Тығыз қарым-қатынаста тек мақсат қою ғана емес, сол мақсатқа жету жолын іздеп, механизмді іске қосудың амалын табатын қасиеттер маңыздырақ. Ондай адамдарды сыйлайды, бағалайды, олардың соңынан ілеседі, мүдделі міндеттерін орындасуға көмектеседі.
Алайда шабыттандыратын жанның күш-қуаты мен ынтасы мақсатқа жеткенше түгесіліп қалуы да мүмкін. Әр адамның тілегі мен құлшынысын шаң қауып қалатын кездер боп тұрады.
Үш күн ережесі – әр үш күн сайын қол жетерлік үш мақсатты бағындыруға арналған. Үш күндік мерзім өмірлік мақсатты жүзеге асыруға тым қысқа. Сондықтан мақсат қою үшін оның осы үш күнде шынында орындалу мүмкіндігі есептеңіз. Осындай қарыс қадам жоспар өмірлік мақсаттың орындалуына септігін тигізеді.
Үш күннің ережесін миыңа әбден сіңірсең жүйелі түрде өз күш-қуатыңа сенім егіп, нақты нәтижелеріңе қуануды үйренесің. Әр жетістік жаңа құлшынысқа жетелейтіні анық. Күн сайынғы есеп беру әр кездегі жетістіктерден маңыздырақ. Кез келген істің өрістеуі мен бәсеңсуі болады. Біреулер ылғи тонусты бақылап ұстайды. Біреулер нәтиже күтеді. Ал, үш күндік ереже жаңа жұмысқа құлшындыратын болады. Дәл осындай тәсілмен бір фирманың қызметкерлерін ынталандыруға әбден болады. Яки, өз жақындарыңызды. Қызметкерлер мен жақындарың бұл істі үш күнде бітіре алатындай көңіл-күйде жүрсін. Олар да өз еңбегінің нәтижесін көрген кезде қуанады. Жаңа іске құлшынады. Оларға қолдау сөз айтып, компенсация жасап, кішкентай сыйлықтар сыйлап, жеке сөйлесіп отыру керек. Жұмыста сұқбаттасып, отбасыда романтикалық кештер ұйымдастырып.
Қысқа мерзімді құлшыныс адамның ынтасын нәрлендіреді. Ол үшін, әрине, адамның өзі де үш күндік мақсаттарды еңсеріп үйренуі маңызды.
Шындап күткен жетістік әр күндік мақсаттардың орындалуынан жинақталатынын естен шығарма. Қазіргі төккен маңдай тер тек үш айдан соң ғана бағалануы ықтимал. Үш күн деп қойған мақсаттың бәрі сол үш күнде орындала салмайды ғой. Кейбіріне уақыт керек.
Кей жоспар ұзаққа созылып кетеді. Сондықтан бірден нәтиже бола салмауы да мүмкін. Оған бола көңіл су сепкендей басылып қалмасын. Осымен бәрі бітті деме. Жарты жылдан соң да жемісін беріп жататын еңбек аз емес.
Қазіргі жетістіктің көлеңкесінде қап кетпе. Жұмыс әрқашанда өнімді бола беруі тиіс. Ісі мен сөзі жарасатын жеңімпаздардың әрекеті сондай.

 

Аударған Шынар Әбілдә