Атырауда этномәдени бірлестік мүшелері марапатталды
2018 жылдың 6 наурыз күні Атырау облыстық әкімшілігінің мәжіліс залында 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күніне» арналған салтанатты шара өтті.
Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты. Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттік істерге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі.
Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз берілуде.
Яғни, бұл дәстүрлі мерекемен Атырау облысы əкімінің бірінші орынбасары Сағындық Лұқпанов — Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің ерен еңбектерін елеп, бір қатар әйелдер қауымына алғыс хат пен гүл шоқтарын табыстады.
Шара барысында № 17 мектеп –лицейінің оқушысы А. Баймышев әйелдерге және аналарға арналған көркем сөз оқыды.
Қымбатты ханымдар мен арулар!
Сіздердің атыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасылыраңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілейміз!
Атырау облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі