ОА лидері кім?
Астанаға Орталық Азия президенттері жиналды. Саммитке Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан президенттері және Түркіменстаннан парламент спикері бастаған делегация қатысты. «Астанада жиын болады» дегеннен көпшілік жұрт бес басшының бас қосуына болжам айта бастады.
Бұл интеграциялық жобалардың бастауы ма? Орталық Азия одағы құрыла ма? Орталық Азияға өз ықпалын жүргізіп келген Ресей бұл жолы неге шеттетілді? Жұрттың аузында осы әңгіме.
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековті қабылдаған президент Назарбаев былай деді:
«Орталық Азиядағы мәселелерді шешу үшін үшінші жақты шақыру міндетті емес. Өзіміз де шеше аламыз. Сол үшін жиналып отырмыз».
Өткенде ғана Путинмен сөйлесіп, 18-күні болатын Путин сайлауында сәттілік тілеп, оның сөздің адамы екенін, оның Ресейді тығырықтан шығарған сұмдық кемеңгер басшы екенін, Ресейді өзінің орнына қойғанын айтқан Президент Назарбаев бүгін қонақ күтіп жатыр.
Жәй қонақ емес, Орталық Азияның 5 басшысын. Түркіменбасы Елбасының шаңырағына келмей, Кувейтке кетіп, әрі қарай араб жаққа сапарлайтын болды. Дегенмен делегат жіберді.
Сөйтіп, өткенде Путинге жылы сөйлеген Назарбаев, бүгін бізге үшінші жақтың керегі жоқтығын батыл айтты. Бұл батыл пікір десек те, арты құмалақтанып кетпейме деген күмән да жоқ емес.
Негізі Орталық Азия үлкен ұжым. Үлкен күш. Оның бүгінгі лидерлері — Қазақстан мен Өзбекстан.