Тараз төрінде 9 күн тойланатын Ұлыс мерекесінің бүгін бірінші күні басталды
Тараз төрінде 9 күн тойланатын Ұлыс мерекесінің бүгін бірінші күні басталды. Негізінен Батыс пен Орталық Қазақстан тұрғындары кеңінен атап өтетін “Көрісу күні” біздің өңірде де аталып өтті.
Тараз қаласындағы Баласағұн мәдениет сарайының алдында, білім беру және мәдени ұйымдарда, жоғарғы оқу орындарында түрлі форматтағы “Көрісу күніне” орайластырылған қойылымдар ұйымдастырылып, бауырсақтар таратылды. Сонымен қатар облыстық филормония өнерпаздары халыққа әнмен шашу шашып, өнер көрсетті.
Дереккөз: zhambylnews.kz