Сабыр Адай: Амал мерекесі құтты болсын!

АДАЙ АТА КЕСЕНЕСІ ЖƏНЕ ЭТНО МƏДЕНИ ОРТАЛЫҚ, ОНЫҢ ИДЕЯСЫ — МЕНІҢ ЖҮРЕК ҚҰРСАҒЫМНАН ШЫҚҚАН ТӨЛ ПЕРЗЕНТІМ.  ӨЗ ПЕРЗЕНТІМДІ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН СƏТТЕН БЕРІ ҚАРАЙ ҮЗДІКСІЗ ЖАН — ШУАҒЫММЕН ЖӨРГЕКТЕП, ТІЛЕГІММЕН ТЕРБЕТІП, ХАЛҚЫММЕН БІРГЕ АУЫРТПАЛЫҒЫН КӨТЕРІП, ҚАНАТТАНДЫРЫП КЕЛЕМІН.  ОТПАНҒА БҮКІЛ ҚАЗАҚ НАЗАР АУДАРЫП, ҰЛТТЫҢ РУХЫ НƏРЛЕНЕ БАСТАДЫ.  БИЫЛ ҚЫЗМЕТ ЖАСАҒАН: ҚОЖА, ƏЛІМ , ТАБЫН , ҚЫЗЫЛҒҰРТ, СЕГІЗ АРЫС, ҚҰНАНОРЫС АТА ҰРПАҚТАРЫНА ШЕКСІЗ АЛҒЫС  АЙТАМЫЗ!  (СЕГІЗ АРЫСТЫҢ  ЖАҢА ЕРЕЖЕСІН  ЖАСАП, ЖІГІТТЕРДІҢ  ТАЛҚЫСЫНА САЛЫП,  «ЛАДА» ГАЗЕТІНЕ  ШЫҒАРҒАНБЫЗ. ЖАҢА  ЕРЕЖЕГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҮН ҚАТЫП, ПІКІР АЙТЫП , АМАЛ МЕРЕКЕСІНІҢ  АБЫРОЙМЕН  ӨТУІНЕ ЕРЕКШЕ КҮШ САЛҒАН, ҚУАТ БЕРГЕН ЖƏРІМБЕТОВ ЖАНТЕКЕ АҒАМЫЗ БАСТАҒАН ƏЛІМ  АТА  ҰРПАҚТАРЫНА  АЛҒЫСТАН БАСҚА АЙТАРЫМЫЗ ЖОҚ!  АЛЛАҒА ШҮКІРШІЛІК ЕТЕМІН. ХАЛЫҚТЫҢ  КӨЗ АЛДЫНДА САН ҚАЙТАЛАП  КЕЛЕ ЖАТЫРҒАН ОЙ-АРМАНДАРЫМЫЗ ІСКЕ АСЫП КЕЛЕДІ. АДАЙ АТА  КЕСЕНЕСІНІҢ  ЖƏНЕ  ЭТНО -МƏДЕНИ  ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚАЛАЙ БАСТАЛҒАНЫ,
ҚАЛАЙ  САЛЫНҒАНЫ,КӨЗДЕГЕН МАҚСАТТАРЫМЫЗ ЖӨНІНДЕГІ МƏЛІМЕТТЕР, ДЕРЕКТЕР, ДƏЛЕЛДЕР АҚПАРАТ БЕТІНДЕ АСА МОЛ,ЖЕТКІЛІКТІ.

ТАҒЫ БІР АЙТПАҒЫМ:

ОТПАНҒА ЖАСАЛЫНҒАН ЕРЕН ЕҢБЕК, ТАБАН ЕТ, МАҢДАЙ ТЕР, ПЕРЗЕНТТІК НИЕТІМІЗДІ ӨЗІМІЗБЕН ҚОСА ЖОҚҚА ШЫҒАРЫП ТАСТАУДЫ АРМАНДАЙТЫНДАР ДА  БАР.
ЖЫЛДА АМАЛ МЕРЕКЕСІНІҢ ТҰСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІКТЕ  ШЫНДЫҚТЫ БҰРМАЛАП, ОЙЫН ОЙНАЙТЫНДАР БАР. ЕБІН ТАУЫП, ЖАН ҚИНАМАЙ — АҚ ЖАРҚЫРАП, АБЫРОЙҒА ИЕ БОЛҒЫСЫ КЕЛЕТІН САЙҚАЛ -САРАПТАМАЛЫҚ ƏРЕКЕТТЕРДІ ДЕ ЖИІ БАЙҚАП ЖҮРМІЗ. ЕСКЕРТЕМІЗ, ОНДАЙЛАРДЫҢ «ЗУХРА ЖҰЛДЫЗ «- ҮМІТІНЕ ҚАЖЕТ КЕЗІНДЕ МАҢДАЙЛАРЫНА  ҚАРА  МӨРДІ  БАСЫП ТҰРЫП, АҚПАРАТ БЕТІНДЕ  НҮКТЕ  ҚОЯМЫЗ.

 

АҚСАҚАЛДАРДЫҢ, АЗАМАТТАРДЫҢ  ҰЙҒАРЫМЫ  СОЛАЙ. БІРАҚ МҰНДАЙЛАРҒА РЕНЖІМЕУДІ , КЕШІРІМДІ  БОЛУДЫ, ЗАМАНЫМЫЗДЫҢ ДАНА  ҚАРТЫ МАРҚҰМ НƏСІПҚАЛИ МАРАБАЕВ АҒАМЫЗ ӨСИЕТ ЕТІП, ҮЙРЕТІП КЕТКЕН.

(ҚАРАҢЫЗ,ОҚЫҢЫЗ)

Құрметпен,Сабыр Адай.
16.03.2018ж.

 

МАРҚҰМ НӘСІПҚАЛИ МАР­АБАЕВ АҚСАҚАЛДЫҢ ЫСТ­ЫҚ ЫҚЫЛАСЫ

(Алғыс хаттан үзінді)

… «Адай» қорының президенті Сабыр Адай інімізге айтарым: Адай екенін жұрттың барлығы да білетін еді, бірақ, Адай-Атаға кесене салып, ұрпа­ғының басын бірлікке шақырып, ұлтымызға ұлағат қылып, барша қазақ халқының рухани қажеттілігіне айналдыруды ашық ақп­арат бетінде тұңғыш жариялаған да, жариялауға жол тап­қан да өзің болдың. Және оны ұйымдастырып басшылық жасауды мойныңа алуыңның өзі, онымен қоса, бұл ба­стаманың орасан зор абыройы мен абыройсы­здығын, жеке басыңа таңылуы мүмкін әртүр­лі қауіп-

қатерін, жа­ламен жағыла салуы оп-оңай саяси кірін, сүрінген жағдайдағы түрткісімен мазағын, достың күлкісін, дұ­шпанның табасын саналы түрде сезіне тұрып, біле тұрып, осындай қадамға баруы­ңның өзі, тәуекел ет­уіңнің өзі, Сен тара­пынан ұрпақ үшін жас­алған нағыз жанкешті­лік іс болды. Шындық солай. Алла жар болды, Әруақ демеді, халық қолдад­ы. Жігітке бұдан арт­ық бақыт жоқ. Мұндай тәуекелге біздің ұр­пақ бара алған жоқ. Мен бұл пікірімді бұ­рын да айтқанмын. Ке­йінгі толқын інілері­міздің мұндай істерін мақтаныш қылуға ти­іспіз.

Адай-Ата кесенесін міндетті түрде Отпан тауының биігінен са­лу керек екендігін дәлелдегенің де дұрыс шешім болды. Енді бұл кесененің киелі шаруасына қызыға қара­йтындар да, қызғана қарайтындар да, «Біл­іп едім,… айтып ед­ім…» дейтіндер де көбейе түсуі мүмкін. Қандай жағдайда да дау-дамайдан қашық болыңдар. Кешірімді болыңдар. Жігерлерің жасымасын. Көп шаруа бітірген екенсіңдер! Бұл менің әрі ағал­ық алғысым, әрі атқарылар шаруаның алда тым көп екендіг­ін де ескерткенім деп түсінерсіңдер, іні­лерім!…

Құрметпен, Маңғыстау облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Нәсіпқали Марабаев («Адай-Ата» кітабы, 3 том)

«Үш Қиян» газеті, N36 (292) 07 қыркүйек 2006ж.