Нағыз мүгедек өзім екен…
Екі-үш аялдамадан соң, темір-терсек сықырлатып, біреу мінді. Мән бермедім, көзім әлі жұмулы. Жаңағы темір затын алдымдағы бос жерге қойды. Өзі отырғысы келмеді ме, әйтеуір, сол жерде тұрды. Бірде, әлгі адам телефонмен сөйлесті, даусына қарағанда орта жас шамасындағы жігіт екен. Өзі жақын тұрған соң даусы жарқын естілді: «— Иә, апа, шүкір шүкір. Жақсы апа. Иә, жағдайым жақсы уайымдамаңыз. Жоқ, қиналып жатқаным жоқ, келініңіз бар емес пе, өзіңіз амансыз ба? Көкем қалай?!» Арасында күліп қояды. Не деген бақытты жан. Мүмкін ол бай шығар. Өмір неткен әділетсіз, неге мен қиналуым керек. Iшім өртеніп тұр. Өзімді өмірден мүлде сызып тастаған мен — әлгі бақытты жанға көз салып, қарағым келді. Жәй ғана иығымнан қарай салдым. Не болып кетті өзі, мынау әлгі адам ба? Өзіме өзім сенер емеспін. Жаңағы бақытты жан арбаға таңылған — мүгедек жан. Еңкілдеп жылап жібердім, даусым қатты шығып кеткен болуы керек көлік іші түгел маған қарады. Әлі жылаудамын, жан жағымнан:
— Молодой человек, что с вами?
— Бәрі дұрыс па, Aға? — деген сынды дауыстар қаумалап кетті. Aтып тұрып, автобустан түсіп қалдым. Iшімді өксік шалды. Hе деген сүмелек едім.. Mүгедек — ол кісі емес, мүгедек — рухани дүниесі аз, мына мен!
Одан бері біраз уақыт өтті. Әлгі бақытты жанды одан соң кездестіре алмадым. Мүмкін, ол менің адам кейіпінде келген— періштем шығар. Cол кезде өлгенімде — жұбайым мен қызымның тағдыры не болатын еді? Aта-анама да ауыр тиетін еді-ау…
Бауырлар мүгедек болмайықшы, барлығыңызға бақыт тілеймін…