Жоғары айлығы бар жұмысқа қол жеткізу үшін жұмыс іздеуші жандар түйіндемелерінде өтірік жазу қажет пе?

Көп жағдайда жоғары айлығы бар жұмысқа қол жеткізу үшін жұмыс іздеуші жандар түйіндемелерінде өтірік шыны аралас ақпаратты қосып, жазып қойып жатады. Кейін барлығы өтіріктің беті ашылып, ыңғайсыз жағдайлар орын алмас үшін оның алдын алудың жолдары жайлы бүгін сөз ететін боламыз.

«HeadHunter» порталының мәліметтеріне сүйенсек, жұмыс іздеушілердің тең жартысы өзі жайлы ақпараттарды асыра сілтеп жазады: жұмыс орындарын, қабілетін, немесе кей жағдайларды жасырып қалатын да кездері болады. Жұмыс берушілер жұмыс іздеушілердің көрсеткен мәліметтерін шын-өтірігін қалай анықтайтындары жайлы HR порталының мамандарының ұсынған мағлұматтарымен бөліссек.

Білімділік және біліктілік
HeadHunter-дің бақылауына сүйенсек, ең көп жалған ақпарат «Білімі» және «Кәсіби шеберлігі» бөлімдерінде көрсетіледі екен. Әсіресе жұмыс іздеушілер тілді мектепте ғана оқыған болса да, оны әсірелеп «шетел тілін еркін меңгергендігін» жазып жібереді. Ал кәсіби біліктілікке ешқашан істемеген жұмыстары мен қызмет орындарын көрсетіп жіберетіндері де жоқ емес. Жұмыс берушілер бұл бөлімге баса назар аударатынын ескеріп, мұқият болуға кеңес береміз.

Ғаламтор
Келесі кезекте жұмыс берушілер сіздің әлеуметтік желідегі белсенділігіңізге назар аударып, одан соң құжаттарыңыздың шынайылығын тексере бастайды. Мысалы дипломның шын өтірігін анықтау бар болғаны бірнеше минутты алады. Арнайы тексеретін сайт бар екендігін қаперде ұстаңыз. Сондай ақ жұмыс берушілер сіздің LinkedIn, Facebook, Вконтакте-дегі парақшаларыңызды қарап шығып, әлеуметтік желідегі достарыңызға бірнеше сауал қоюы да мүмкін. Мысалы бұрыңғы жұмыстағы басшылықпен қарым қатынасыңызды, ұжымдағы біліктілігіңізді, т.б.

Ұсыныс хаттар
Бұл HR-мамандарының сіз жайлы нақты ақпарат алуының тәсілі. Бұл өте қарапайым түрде жүзеге асады. Жұмыс беруші бар болғаны сіздің бұрыңғы жұмыс орныңызға қоңырау шалып, ұсыныс хат жазып берулерін сұрайды. Бұл ұсыныс хатта сіздің қабілеттеріңіз бен жетістіктеріңіз, немесе кемшіліктеріңіз де көрсетілуі мүмкін.

Жұмысқа қабілеттілік
Егер сізде мен деген мықты университеттің қызыл бһдипломы болса да, бұл сіздің біліміңіз бен біліктілігіңіге кепілдік бере алмайды. Жұмысқа орналасқалы отырған компания неғұрлым абыройлы болса, сізді тексеретін мамандар саны да соншалықты көп, бақталастыққа толы болмақ.

Дереккөз: notagram.ru