Баладан да ақша мен мансап құнды еді

Ол атақты актердің әйелі. Бірақ бақытты емес.

Өзінің айтуынша, «бақытын баласымен бірге жерге көміп тастаған», «Жұмыс, жұмыс деп жүріп балама қарай алмадым. Темекі шекті, кешірдім. Арақ ішті, кешірдім. Балам қылмыс жасады, кешірдім. Инеге отырғанда, ойландым. Бірақ бәрі кеш еді. Менің оны кешіруім – оны қылмысқа итермелепті. Балам емес, ең бірінші қылмыскер мен едім. Барлық қылмыскер баланың ата-анасы да қылмыскер», – дейді ол.

Сол әйел айтады: «Мен күнәһармын. Менің күнәм кешірілмейді. Төрт рет түсік жасаттым. Себебі, жұмыс, мансап мен үшін бәрінен маңызды еді. Баладан да ақша мен мансап құнды еді. Ақыр соңында ашкөздігім түбіме жетті. Әйелдің күнәсі кешірілмейді».

 

А.Серікбайқызы

«Ақ босаға» газеті