Қоқысқа тасталмаған нан

НАН ҚИҚЫМЫН ШАШПАҢДАР,
ЖЕРДЕ ЖАТСА БАСПАҢДАР. 
ТЕРІП АЛЫП ҚАСТЕРЛЕП,
ТОРҒАЙЛАРҒА ТАСТАҢДАР.

Қызылорда көшелерінің бірінде келе жатып, полицияда жұмыс істейтін бір танысымды кездестіріп қалдым. Сөйлесіп, хал-жағдай сұрастырып, дегендей бірталай тұрып қалдық. Менде өз шаруаларымды айтып, «Байтақ Болашақ»- деген экологиялық одақта жұмыс атқарып жүргенімді, олда халыққа қызмет жасап жүргенін, айтып жатты.
Мен де жұмысымды түсіндіріп, коршаған ортаның ластануы, көшеге тасталған қоқыстан бастап, әлемдік жылынуға дейін экологияның қатысы бар екенін айттым.
Содан, әлгі танысым қоқыс демекші, бізде сол қоқыс тастаушылармен күресеміз ғой, менің басымнан сол қоқысқа мынадай бір оқиға өтті, деп әңгімесін бастап кеп жіберді.

Полиция танысым, жұмыста отырғанмын бір кезде радио байланыс құралы зарлап қоя берді. «Сіздің қызмет көрсететін аймағыңызда көшені ластап, қоқыс тастаған бір азамат кетіп барады. Соған дереу барып, тиісті шарасын көріп, баяндаңыз, деген хабарлама түсті. Содан жаңағы жерге барсам бір жас жігіт тұр екен, барып сіз қоғамдық орынды ластап, қоқыс тастап бейне камераға түсіпсіз, бұл әрекетіңіз Әкімшілік құқық бұзушылық кодекісі бойынша «ұсақ бұзақылық» болып есептеледі, анық -қанығын анықтап, тисті шара көру үшін құжаттарыңызды беріңіз, дедім ғой баяғы. Сөйтсем, ауылдан келіп оқып жатқан студент екен.
Студент, аға мен қоқыс тастаған жоқпын, мәселе былай, мен судентпін колледжде оқимын түскі үзілісте гамбургер алып жедім, тауыса алмадым наны молдау екен, сосын көшедегі қоқыс жәшігіне тастамақшы болдым да, сыртындағы салапан қалтасын тастап, нанды күл -қоқыстың арасына лақтыра салуға обалсынып, жол жиегіндегі шарбақтың үстіне қойып кеттім болды, дейді.
Содан студентті жетектетіп ертіп алып барып бейне бақылау камерасын қарасақ дәл айтқанындай болып тұр екен.

Бірақ жаңағы студентті жібере алмадым, өйткені заң бойынша ластап тұр, калған нан тұрмыстық қалдық болып есептеледі. Камерада тіркеулі тұр, енді оған заңды шара көрмей жіберсең прокуратура «әкеңді» таныстырып жібереді. Сонымен амал жоқ, студентті сотқа апардым, бабы сотпен шешілетін бап. Сотта әділ, пркурорда заң аясында жұмыс жасайды екен, нанды құрметтеп, қоқысқа обалсынып тастамаған, ауылдан келген, ауылдың тәрбиесін көрген балаға жиырма мың теңге айып пұл салып жіберді. Байғұс студент ақылы колледже оқитынын айтып шырылдап еді, не істейді заң солай, ұсталдың бітті, бізде кейде осындай қызықтар болып тұрады, деп полиция танысым сөзін аяқаты.

Әлқисса, естіген құлақта жазық жоқ.
Жоғарыдағы тақпақты жаттап өскен ауыл баласының, қала заңдарына үйреніп кетуі қиын соғатыны анық қой. Осындай білместіктен қаншама адам қисынсыз заңдардың құрбаны болып жаттыр. Алла амандығын берсін.

Қызылорда облысы бойынша 
Байтақ Болашақ ЭкоАльянс филиал директоры
Ғани Алмасбайұлы.