Жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталған

Атырау облысында Облыстық  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша азаматтық бастамашылдық  конгресі өткізілді.

Конгресті ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының  міндетін атқарушы Руслан Кәрібайұлы Тұңғышбаев ашты.

Конгрестің негізгі мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша сұрақтарды талқылап, негізгі мәселелерге тоқталу.

— Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді – деді өз сөзінде Департамент өкілі.

Сонымен бірге шара барысында позитивті жаңалықтар да айтылды. Ол дегеніміз, 2018 жылғы 22 ақпанда «Транспаренси Интернешнлдің» 2017 жылғы Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі ресми жарияланға болатын, оған сәйкес Қазақстан 31 ұпай жинап және әлемнің 180 елдерінің арасында 122 орынды иеленіп, 2016 жылмен салыстырғанда өзінің көрсеткіштерін 2 ұпайға және 9 позицияға жақсартқандығы .

Спикерлердің айтуынша, Соңғы 3 жылда ғана жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, елімізде жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталған. Осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге көлемінде келтірген залалы өтелгендігі де айтылды.

Сонымен қоса  Департаменттің бастамасымен өткен жылы «Азаматтық бақылау» жобасын облыста жүзеге асырған «4-билік» қоғамдық бірлестігінің Төрайымы Адиева Альфия Даулетқалиқызының айтуы бойынша, 2017 жылы түскен 53 арыздың барлығына жауап беріліп тиісінше қанағаттандырылды.

Шара қорытындысында қатысушылар конгрес барысына белсенді қатысып,  ұсыныстарын білдірді.

                                                                                      ҚІЖСЖҚІҚА Атырау облысы

                                                                                      бойынша департаментінің

                                                                                      баспасөз қызметі.