Аналар кеңесінің алғашқы отырысы өтті
Ағымдағы жылдың ақпан айында Достық үйінде Атырау қалалық Аналар кеңесінің бірінші отырысы өтті.
Аталған отырысқа қалаға белсенді азаматшалары қатысып, күн тәртібінде екі мәселе талқыланды.
— Аналар кеңесінің жаңа құрамын бекіту және мүшелерімен таныстыру;
— 2018 жылға арналған жұмыс жоспарын талдау және бекіту;
Жиынның модераторы қалалық аналар кеңесінің төрайымы С.Убдиянова болды.
Қатысушылар мен Аналар кеңесінің мүшелері жоспарға сай құрылған шараны міндетті түрде уақытылы орындап, мазмұнды тақырыптарда семинар, дөңгелек үстелдер өткіземіз деп қолдады.
Жиын соңында қалалық Аналар кеңесінің төрайымы С.Убдиянова белсенді шараларды бірлесе өткізуді қолға алуды тапсырды.
Атырау облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі