Құлақ неге шуылдайды?
Алла елшісі с.а.с. Миғраж сапарында Жәннат бағынан жапырақтары жайқала өскен ерекше бір үлкен талды көріп періштелерден: «Бұл недеген үлкен тал ағашы?»-деп сұрайды. Періштелер: «Уа Алланың сүйіктісі?! Бұл ағаш «Тағдыр ағашы» деп аталады.
Егер жарық дүниеден бір пенде ақыретке өтсе бұл талдан бір жапырақ үзіліп түседі. Періштелер Пәленше қайтыс болды деп жар салғанда қайтыс болған адаммен аттас жандардың құлақтары шуылдайды. Егер аттас марқұм Жәннатқа барса оң, Тозаққа барса сол құлағы шуылдайды екен»…