Жұлдызнамаңыз сіз жайлы не дейді?

Адам баласы ешуақытта мінсіз болған емес. Әрдайым жақсы, жаман қасиеттері өзара алмасып көрініс тауып отырады. Бір адам жібектей нәзік мінезін бағаласа, екіншісі керісінше дәл осы адамды қатыгез жан деп біледі. Есесіне жақсы, жаман қасиеттерімізді білу арқылы бір-бірімізге түсіністікпен қарай аламыз. 

Тоқты 

Жақсы қасиеттеріңіз:

— туған күніңізді көктемде атап өтесіз;
— албыртсыз;
— сезімталсыз.

Кемшіліктеріңіз:

— ашуланшақсыз;
— қызғаншақсыз;
— айналаңыздағыларға қол көтеруіңіз мүмкін.

Торпақ 

Жақсы қасиеттеріңіз:

— мақсатыңызға жетпей тынбайсыз;
— қалауларыңыздың барлығын орындайсыз.

Кемшіліктеріңіз:

— қырсықсыз;
— қызғаншақсыз;
— кейде жауыз патшаның кейпіне енуіңіз мүмкін.

Егіздер 

Жақсы қасиеттеріңіз:

— орнымен сөйлейсіз;
— көңілді бола білесіз;
— түрлі сезімнің құшағында жүресіз;
— өмірді сүйесіз;
— өзге адамдарды ақкөңілділігіңізбен баурай аласыз;
— энергияңыз тасып тұрады;
— үнемі жаңа идеялар ойлап тауып жүресіз.

Кемшіліктеріңіз:

— көңіл күйіңіз жылдам өзгереді;
— үнемі ерекше эмоцияларды сезінуге құмарсыз;
— өзгелердің пікіріне қатты тәуелдісіз;
— әрдайым ізденіс үстінде жүресіз.

Шаян 

Жақсы қасиеттеріңіз:

— сезімталсыз;
— туған күніңізді жаз мезгілінің ортасында атап өтесіз;
— адамдармен қарым-қатынасқа жылдам түсесіз;
— махаббат пен достық мәселесінде адалсыз.

Кемшіліктеріңіз:

— шектен тыс сезімталсыз;
— көңіл күйіңіз ауа райы секілді құбылып тұрады;
— ішімдікке құмарсыз;
— сынды қабылдай алмайсыз.

Арыстан 

Жақсы қасиеттеріңіз:

— нағыз патшасыз;
— туған күніңізді жаз мезгілінде атап өтесіз;
— мақсатыңызға жетпей тынбайсыз;
— адалсыз;
— қолыңыз ашық;
— батылсыз;
— өзіңізден көмек, кеңес сұраған адамдарға үнемі көмектесесіз.

Кемшіліктеріңіз:

— кейде тым тәкаппарланып кетесіз;
— қырсық мінезіңіз бар;
— атаққұмарсыз;
— кемшіліктеріңізді естігенді, біреудің қатеңізді түзегенін көтере алмайсыз.

Бикеш 

Жақсы қасиеттеріңіз:

— ұқыптысыз;
— эмоцияңызды бақылай аласыз;
— ақыл-парасат деңгейіңіз жоғары;
— байқағыштық қасиетіңіз бар;
— қателеріңізді анализдей аласыз;
— табиғатыңыздан тартымдысыз;
— қажет кезде кеңес бере аласыз;
— достарыңызды тыңдап, оларға түсіністікпен қарай білесіз.

Кемшіліктеріңіз:

— өмірлік жарыңызды ұзақ таңдайсыз;
— тазалыққа шектен тыс мән беретін қасиетіңіз айналаңыздағылардың ашуын келтіреді;
— өмірге жиі лағнет айтасыз;
— қызғаншақсыз.

Таразы 

Жақсы қасиеттеріңіз:

— сабырлысыз,
— орнымен сөйлейсіз;
— айналаңыздағыларды мінезіңізбен баурай білесіз;
— алдыңызға қойған мақсатыңызға жетпей тынбайсыз;
— жауапкершілігіңіз мол;
— үнемі жаңа идеялардың жетегінде жүресіз.

Кемшіліктеріңіз:

— көңіл күйіңіз тез құбылады;
— өзіңізге не керегін нақты білмейсіз;
— достарыңыз бен таныстарыңыздың пікіріне тәуелдісіз;
— бала сияқтысыз;
— үнемі достарыңыздың қолдауын қажетсінесіз.

Сарышаян 

Жақсы қасиеттеріңіз:

— белсендісіз;
— әр істен пайда көресіз:
— жұмысты соңына дейін жеткізесіз;
— жауапкершілігіңіз мол;
— мақсаткерлік қасиетіңіз бар;
— адал доссыз;
— жұмбақ жансыз;
— өзіндік пікіріңіз бар.

Кемшіліктеріңіз:

— тым қызғаншақсыз;
— меншіктеп алғанды ұнатасыз;
— өзімшілсіз;
— үнемі күйзеліп жүресіз;
— кекшілсіз.

Мерген 

Жақсы қасиеттеріңіз:

— көңілдісіз;
— сүйкімдісіз;
— батылсыз;
— қолыңыздан келмейтін іс жоқ;
— атақты адамдардың әрбір бесіншісі мерген;
— сізді барлығы жақсы көреді;
— мерген жігіттердің бойы ұзын болады;
— мерген қыздардың мүсіні мінсіз келеді;
— мейірімдісіз;
— адамдарға көмектесуді ұнатасыз;
— есте сақтау қабілетіңіз өте жақсы;
— сізді алдау мүмкін емес;
— үнемі жолыңыз болып жүреді.

Кемшіліктеріңіз:

— сізді айналаңыздағылар ақымақ деп ойлайды;
— немен айналысатыныңызды білмегеніңізде, ашуланшақ болып кетесіз;
— отбасын құруға асықпайсыз;
— тамақты көп ішесіз;
— мінезіңіз тік;
— еркін жүруді ұнатасыз;
— тұрақсызсыз;
— әдепсізсіз;
— өзімшілсіз.

Тауешкі 

Жақсы қасиеттеріңіз:

— мақсатыңызға жетпей тынбайсыз;
— қиын-қыстау кезеңде табандылық таныта білесіз;
— сүттен ақ, судан таза болып шығасыз;
— адалсыз;
— айналаңыздағыларды тұйық мінезіңізбен жалықтырып жіберуіңіз мүмкін;
— шыдамдысыз;
— көшбасшысыз;

Кемшіліктеріңіз:

— сізді көбісі қатыгез деп ойлайды;
— өзгелер сізді түсіне бермейді;
— күйзеліске бой ұсынасыз;
— өзгелерді де, өзіңізді де мазақтауды ұнатасыз;
— кекшілсіз;
— өзімшілсіз;
— атаққұмарсыз.

Суқұйғыш 

Жақсы қасиеттеріңіз:

— ақылдысыз;
— адамдардың болмысын жақсы танисыз;
— өте мейірімдісіз;
— достарыңыз көп;
— сізді барлығы жақсы көреді;
— қалжыңдай білесіз;
— сұлусыз;
— ойыңызға келгенді жасайсыз.

Кемшіліктеріңіз:

— сізді ешкім түсінбейді;
— ақылды болғандықтан, сізден достарыңыз үнемі көмек сұрайды;
— «жоқ» деп айтуды білмейсіз;
— барлығын жүрегіңізге жақын қабылдайсыз;
— барлығын жақсы оймен ғана жасаймен деп ойлап, өзгелердің өзіңізге не үшін ренжитінін түсінбейсіз;
— еркіндікті қатты сүйесіз;
— адамның барлығы бірдей жақсы деп ойлайсыз.

Балықтар 

Жақсы қасиеттеріңіз:

— табиғатыңыздан ерекше жаратылғансыз;
— өте мейірімдісіз;
— өзгелер үшін өзіңізді құрбан етуге дайынсыз.

Кемшіліктеріңіз:

— алаңғасарсыз;
— сізді айналаңыздағылар түсіне бермейді;
— тұрақсызсыз;
— өсек сөзге құмарсыз;
— сенгішсіз.