Жаңа әлемге жол саламыз!

Үстіміздегі жылдың 28 – 29 наурыз  күндері елордамыз Астана қаласында «Нұр Отан» партиясы жанындағы  «Жас Отан» жастар қанатының 4 съезі және  «Жаңа әлемге жол саламыз» атты Республикалық жастар форумы өтті. Форумға барлық өңірлерден «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, мәслихаттардағы жас депутаттар, кәсіпкерлер, ғалымдар, белгілі спортшылар және жастардың ірі ұйымдарының лидерлерінен құралған 2000-нан астам адам қатысты. Ал Маңғыстау облысынан 40 делегат қатысса, аудан атынан орталық басшысы, «Жас Отан» ЖҚ жетекшісі  Аллаберген Қонарбаев қатысты.

28 наурыз күні жастар Астанадағы «Конгрес» орталықта түскедейін аймақтарда келген 600 ден астам делегаттарға «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында семинар тренингтер ұйымдастырылды. Ал түстен кейін ҚР Президенті мұражайында және Назарбаев университетінде, Конгресс  орталығында  «Рухани жаңғыру», «Қазақстанда жасалған», «Салауатты ұрпақ», «Жаңа  инновациялық дәуірі» сияқты сессиялар өткізіліп, әр сессияға қоғам және мемлекет қайраткерлері қатыстырылып отырды.

«Рухани жаңғыру» сессиясында партиясы төрғасының бірінші орынбасары  М.Әшімбаев, «Атамекен» ҰКП комитет төрағасы Мұратр Әбенов, ҚР білім және ғылым вице — министрі А.Аймағанбетовтер жастармен кездесіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының  қыр сырын жастарға айтты.

«Рухани жаңғыру – дегенімзі өз өткеніңді ұлықтау және ұмытпау, сондай ақ болашақты сол тарихыңмен үйлестіріп меңзеу,қадам жасау. Әрбір жас өзінің өлкесінің киелі жерлерін аралап, барып тарихымен танысуы шарт.Міне сонда ғана рухани жаңғыру деп соны айтамыз» деді М.Әшімбаев  сессия отрысында

29 наурыз күні төртінші съезд  «Конгресс» орталығында жоғары дәрежеде өткізілді. Съезде ҚР Мемлекеттік хатшысы  Гүлшара Әбдіхалықова және ҚР Парламент депутаттары мен министрлік өкіәлдері түгелдей қатысты.   қатысты. Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіхалқова мемлекет  басшысының Форум жастарына арналған құттықтау хатын оқып,  еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткен жетістіктеріне, Қазақстанның одан әрі дамуы, бірлігі және азаматтарының бақуаттылығы үшін сол табыстарымыздың баянды ете түсуде ел жастарының  маңыздылығына назар аударды.

Құттықтау хатында Елбасы Н.Назарбаев « Рухани жаңіғыру» — бұл жас ұрпақтың ел тарихын білуі, дәстүрді және қоғам құндылықтарын сақтауы ерекше мәнге ие. Әрбір қазақстандық жас өз туған елінің жерінің, тарихи жәдігерлерін құрметтей білуі тиіс. Сондай ақ бүгінде барлық жас  қазақстандықтарды жасампаз еңбек, татулық пен келісім, халық бірлігі, Отан үшін мақтаныш, оның ұлы тағдырына өз қатыстылығын сезіну сияқты ортақ құндылықтар  біріктіретінін атап өтті.Соңында Қазақстан Президенті баршаға денсаулық, табыс және бақ-береке тіледі.

Съезд  барысында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Маулен Әшімбаев, партияның «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Данияр  Сүндетов жәнееліміздің әр түкіпрінен келген жас көшбасшылар сөз сөйлейді.

Съезд қорытындысы бойынша «Жас Отан» Жастар қанатының жарғысына толықтырулар мен өзгерістер енгізіп, «Жас Отан» жастар қанатының орталық кеңесінің жаңа құрамын таныстырып, бекітті.

Жаңа ғасырда жаңа инновация мен технологияға қадам басқан қазақ еліндегі ең ірі жастар ұйымы саналатын «Жас Отан»жастар қанатының жаңа бағыты көпшіліктің көңіліне үміт отын жақты. Ия, жаңа әлемге жол салған «Жас отан» жастар қанытына ақ жол дегім келеді.

 

Аллаберген Қонарбаев

«Жас Отан» жастар қанатының

аудандық филиалының  төрағасы.

Съезд  делегаты.

Маңғыстау облысы.

Маңғыстау ауданы.