Өнертапқыш өз жаңалығына биліктен қолдау сұрайды
Кемеровадағы «Зимняя Вишня» сауда орталығында шыққан өрт – әлемге сабақ болды. 60 – тан аса адамның өмірін жалмаған алапат өртті сөндіруге өте көп күш жұмсалды. Кешегі кеңестік кезеңнен қалған өрт сөндіру машиналары – төтеннен келген апатқа сақадай сай тұра алмайтынын көрсетіп берді. Өзге елді қайтеміз, егер осындай тілсіз жау бізде орын алып жатса, біздің тарап оған қаншалықты дайын? Бұл ойланатын шаруа, әрине!
Осы орайда редакцияға өнертапқыш Марат Аюбаев хат жолдапты. Бұл кісінің есімі алыс – жақын елдерге танымал. Тараздық өнертапқыш әмбебеп өрт сөндіру машинасын ойлап тапқан. Мұны теория жүзінде дәлелдеп шығып ашқан жаңалығына арнайы патент те алған. Алайда сынақтан өткізу үшін техниканың өзін жасауға қазір қаржы таппай жүр екен. Егер осы жаңалық өндіріске енгізілетін болса, сусыз аймақта 2 тәулікке дейін тоқтаусыз жұмыс істей алатын өрт сөндіру машинасы пайда болады.
Енді хатқа келейік. Аталмыш хат Ел президенті мен Үкімет басшысына бағышталыпты. Орамды ойлар, тұжырымды пікірлер ешкімді бей – жай қалдырмайды деген мақсатпен жариялап отырмыз.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Ә.Назарбаев мырзаға
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі
Б.Сағынтав мырзаға
Аса маңызды хат!
Аса ардақты Елбасы!
Аса ардақты үкімет басы!
Мен және немерем екеуміз өнертапқыштармыз.
1.Адам затының тілсіз жауы — өртке қарсы 9 жаңалық таптық. Бұл жаңалықтарды іске асырсақ, елімізде болып жатқан өртті ең кемі 70 % қысқартар едік.
Бұл деген көптеген миллиардқа бағаланатын дүние-мүлкімізді, адамдар өмірін, жан-жануарларымызды,табиғатымызды өрттен сақтап қалу.
Мысалы:
Жанармай қоймаларында,паркингтерде, дүкендерде, сауда орындарында, кеңселерде
50-100 (шексіз) жылдай өрт болмайды. Өрт болса ең аз шығынмен автоматты түрде 2-3 минутта өзі өшеді.
Өте биік ғимараттарда өрт болса эвакуацияны жасаудың еш қажеті жоқ.
Осы тәсілді іске асыру үшін, осы өртке қатысы бар чиновниктердің, Инвестициялар мен даму министрлігі, энергетика министрлігінде отырған бюрократтардың инновацияға деген көз қарасын өзгерту керек.
Себебі: Елімізге белгілі – Б.Момышұлы айтқан «маубастар» мен «жаубастар » көбейіп кетіпті. Осы өзгерістер жапсап болғаннан кейін құрылыстар жобасына, құрылыс заңына тиісті өзгерістер енгізіп, құрылысты өртке қауіпсіз етіп соғу керек. Бұл өзгерістерге көп шығын кетпейді. Осы тілекті Сіздер қолдасаңыздар біздің қалалар (селолар) өртке төзімді деген дәрежеге сай келеді.
- Бір дана айтыпты:
-Егер, шеберде әр түрлі,сапалы құралдар болса – сол шебер қандай жұмыс болса да тез және сапалы жұмысты жасап бітіреді. Міне,осы дана айтқандай, егер өрт сөндіруде де әр түрлі сапалы құрал (техника) болса өртті тез өшірер еді.
Біздің тапқан сапалы құралдарымыз:
а) Көп салалы өрт машинасы
- Бағасы 40-45 миллион теңге (Біз осыған ұқсас,бірақ сапасы төмен машинаны Ресейден 180 миллионға сатып алып жүрміз)
- Сусыз жерде өртті тоқтаусыз 50 сағат өшіре алады (ал,басқа машиналардың уақыты 30 минуттан аспайды)
- Өртті 7 тәсілмен өшіре алады (ал,басқалары 2 тәсілден аспайды)
- Бұл машинаны медицинада,авиацияда,коммуналдық шаруашылықта, мал фермаларында,машина жөндеу зауытында пайдалануға болады.
ә) Инерттік газбен өртті өшіретін машина
Бұл машинаны пайдалансақ – өрт сөндірушілер өрт болып жатқан кеңістікке кірмей сыртта тұрап өртті өшіре алады.
б) Өртті таулы жерлерде, шалғай жерде өшіретін тікұшақ
в) Өртті өте биік ғимараттардың сыртқы құрылысында өшіретін тікұшақ
- Қазандықтардан,зауыттардан шығатын лас түтінді тазалау құралы. Бұл құралды пайдалансақ қаламызда ауа райы ластанбайды. Қала тұрғындары таза ауамен дем алады.
- Пайдалы коэффициенті (КПФ) жоғары, көлемі кіші, қуаты жоғары, қарапайым бу мен су қазандықтары
Бұл қазандықтар отынды, энергияны 25-30% үнемдейді.
- Қазандық ошағында көп қызу бермейтін,калориясы төмен көмірлерді жағатын механикалық ошақ. Бұл ошақтың пайдасы:
— қала қоқыстарын , соның ішінде шөп-шалам, тал жапырақтарын жағып, «тегін» жылу энергиясын алуға болады.
- Қала кәрізінен, қала қоқысынан жылу энергиясын алу тәсілі.
Міне, осы тапқан жаңалықтарды іске асыру үшін мен Қазақстан Президенті әкімшілігінің 17 тамыз 2017 жылғы Казақстан Республикасынының Инвестициялар мен даму министріне жіберген хаты бойынша және «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткізілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі А.С.Айдарбековтың азаматтарды жеке қабылдауының хаттамасы себебінен және Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің вице-министрі Т.Тоқтабаев қол қойған № 04-2-16/ЖТ-А-54-4, 24.01.2018ж қол қойған шақыруымен мен Астанаға, менің жаңалықтарыма қатынасты өтетін жиналысқа келдім. Осы жиынға келер алдында мен аталған министрлікке жиынға кімдерді шақыру керектігін және болатын жиналыстың өтетін уақытын, мерзімін айтып 15.01.2018 жылы хат жазғанмын. Осыдан жиынға 4-5 күн қалғанда осы министрліктің департаментінің директорының орынбасары Қ.С.Бұхарбаев мырзаға жолығып, жиынға керек видео көріністерді және жиынға керекті материалдарды беріп кеттім және жиынға адамдардың келуін бақылауды өтіндім. Жиын 6 ақпан күні сағат 15-00 емес, кешігіп 15.20-да басталды. Және Бұхарбаев мырза жиында 40 минут ішінде өткізуді талап етті. Жиынның өту кезеңінде видео фильмдерді көрсететін құралдардың жұмыс істемейтіні белгелі болды. Жиынға 20 адамның орнына 5 –ақ адам қатысты. Жиынды видео аппаратураға түсіретін кинооператор келмеді. Бұқаралық ақпарат құралдарынан ешкім келмеді. Міне, осылай жиын сапасыз, асықтырған екпінмен өтті. Мен бұл жиынды өтті, осы жиыннан бір сабақ болды деп айта алмаймын. Осындай министрліктің жиынды сапалы өткізуге тәжірибесі болмаса, басқа тірліктерді сапалы жасап жатыр дегеніне сенбеймін. Бұл министрлік – Инвестициялар мен даму министрлігі деген атқа сай келмейді.
Аса ардақты Елбасы!
Аса ардақты Үкімет басы!
Жиналыстан кейін мен өзімше әр министрлікке кіріп, осы шешілмеген мәселелерді шешуге тырысытым. Бірақ, жаңалықты, инновацияны қолдап отырған бір адамды көрмедім. Олар Елбасының бағдарламасын есітпегендей болып отыр. Сіздерден өтінерім- сөзбен емес іспен маған көмек беріңіздер. Келесі жиын Үкімет басының орынбасарларымен өтуі тиіс. Хаттың соңында менің сөздерімді растайтын құжаттар тіркелген.
Сіздерге деген құрметпен: М.Аюбаев
Өнертапқыш
Аюбаев Мараттан,
Мекен-жайы:
Тараз қ,
Караванная көш.,31 үй,
тел 8 777 387 1353