Анар жемісінің пайдасы

Латын тілінен аударғанда «granatus» «дәнді дақыл» деген мағынаны білдіреді. Анар жидегінің құрамында А, В, С, Е дәрумендері мен калий, йод, темір, кремний, кальций сияқты минералды заттар көптеп кездеседі.

Анардың пайдалары:

Энергия беріп, шөлді және шаршағанды басады. Денені, жүректі, асқазанды және тіс еттерін қуаттандырады, артериялық қысымды түсіреді, асқазанның қабынуы, ауыз жарасы үшін пайдалы. Иммунитет жүйесін күшейтеді. Қатерлі ісік жасушаларының дамуына кедергі болып, денені қорғайды. Қандағы холестерин деңгейін және қан қысымын түсіреді. Тамырдың бітелуін алдын алып, тамырларды ашады. Осындай қасиеттері ен жүрек пен тамыр ауруларына қарсы қорған болады. Қандағы қант мөлшерінің деңгейін тепе-теңдікте ұстап, қант диабеті ауруларына пайдалы болып келеді. Тері ауруларына да пайдалы. Анар шырыны дауыстың шығуына көмектеседі.

Анардың емдік қасиеттері:

Ем ретінде анар жидегі, қабықтары, ағашының тамырлары, тамырының қабықтары және бұтақтары қолданылады.Бұл жемісті жедел ішек, зәр шығару жолдарының ауруларын, қаназдықты, жұқпалы тері ауруларын емдеуге пайдаланады. Анар қалай қолданылады? Анар жидегі, қабықтары, ағашының тамырлары мен бұтақтары мен тамырының қабықтары қолданылады. Бұл жемісті жедел ішек, зәр шығару жолдарының ауруларын, қаназдықты,атеросклерозды, баспа мен жұқпалы тері ауруларын емдеуге пайдаланады. Кептірілген анардан қайнатылған шай жүйке жүйесін тыныштандырады. Суық дертіне шалдыққандар күніне бір кесе анар шырынын бір қасық бал араластырып ішуі керек. Анардың қабығын суға қайнатып, бұл қоспаны ауызын шайып отырса, тіс жегісінің алдын алуға болады. Шашыңыз жиі түсетін болса, тершең болсаңыз, осы қайнатпаны пайдаланыңыз.