Наурыз мерекесі тойланды

2018 жылдың 22 наурыз күні Атырау облысы әкімшілігі ғимаратының  Сұлтан Бейбарыс алаңында  Ұлыстың ұлы күні — Наруыз мерекесі тойланды.

Бұл  күні қала тұрғындары мен қала қонақтары жиналып, мерекелік шаралар таңертеңгі сағат 10-да басталды.

Әр киіз үйдің алдында Наурыз көже мен бауырсақтар таратылып, ұлттық ойындар ойналып,  спорттық жарыстарда жүлдегерлер анықталды. Мерекенің негізгі концерттік бағдарламадан бөлек театрландырылған қойылым көпшілік назарына ұсынылды.

Ағаш үйлерді өңірдегі шетелдік компаниялар, мемлекеттік және жеке мекемелер, қоғамдық ұйымдар да құрды.

Мерекелік шарада облыс әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтау тілегін айтты.

«Наурыз – бабаларымыздан мұра боп қалған мейрам,бұл күні ақ-тілектер ақтарылатын күн.  Мемлекет басшысы айтқандай, Қазақстан тәуелсіздік жылдарында қоғамның қай саласында болмасын ірі табыстарға қол жеткізді. Бұл жетістікке әрқайсымыздың қосқан үлесіміз бар,  өйткені бірлігі берік, өз күш-қайратына сенімді жандар ғана өсіп-өркендеген Қазақстанды құруға қабілетті»,— деді аймақ басшысы.

Осынау Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне Атырау облысының этномәдени бірлестіктері бей-жай қарамай,  белсене ат салысты. Олар өздерінің ұлттық нақыштағы киімдерін киіп шығып, қалың көрерменге өз өнерлерін тарту етті.

Сондай-ақ,  облысымыздағы өткен мереке кешке дейін тойланды. Сұлтан Бейбарыс алаңында мерекелік концерт қойылды. Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар отшашумен қортындыланды.

                                                                    Атырау облысы әкімі аппаратының

                                                                                                         «Қоғамдық келісім» КММ

                                                                                                         баспасөз қызметі