«Жаворонки» мерекесі тойланды
Атырау қаласының №4 мектеп-интернатында «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен наурыз мерекесімен тұспа –тұс келетін «Жаворонки» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді.
Мерекелік іс-шара №4 мектеп-интернатының тәрбиеленушілерінің қатысуымен басталды. Бұдан әрі «Былина» этномәдени бірлестігінің мүшесі Н. Ганус қазақ және орыс тілдерінде әндерімен жалғастырды. Балаларға «Жаворонки» мерекесі мен салт-дәстүрлері туралы «Былина» этномәдени бірлестігінің мүшесі О.Коновалова әңгімелеп берді.Сондай-ақ, балаларға «Колобок» — қуыршақ театры түрінде ұсынылған орыс халық ертегісінен театрлық қойылымы көрсетілді.
«Жаворонки» мерекесі ежелден келе жатқан славяндық мереке болып табылады. Көктемгі күннің екінші жартысында көші-қон құстары жылы жақтан келіп, көктем шуағын әкелетінімен тәріздес. Осы орайда, күн шуақтанып, егін шарушылықтарды бастауға түрткі болады. Осы белгі егістерді бастауды білдіреді. «Жаворонки» мерекесі әртүрлі салт – дәстүрлерімен жалғасады. Мысалы: дәмді тоқаштар, құстың бейнесімен тәріздес қытырлықтарды балалар далаға алып шығып , көктемді шақыратынымен іспеттес.Мерекелік іс-шара қортындылай келгенде осы шараны ұйымдастырушысы «Былина» орыс этномәдени бірлестігі қалалық №4 мектеп-интернат директоры Г.Сабированың Алғыс хатымен марапатталды.
Атырау облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі