Көріктісін…..

Көріктісің, қарағым көріктісің,
Құралай ма ең, әлде үркек елікпісің.
Жалғанға тек мен үшін келіппісің,
Жоқ әлде, басқа жанға серікпісің.

Көріктісің, қарағым көріктісің,
Тамсантқан бар қазақтың бөріктісін.
Сөзіңе сүйем деген берікпісің,
Берікпісің, жоқ әншейін желікпісің?

Көріктісің, қарағым көріктісің,
Сүйсең де, сүймесең де еріктісің.
Көңіл-ау, тек сол жанға жерікпісің,
Неліктен есім кетіп, елітті ішім…

Қарғам-ай, құралай көз, елік пішін,
Жаралған ең бақытты бөрікті үшін,
Сезіммен ойнайсың-ау… сезіктісің.
Сонда да көріктісің, көріктісің!

Әділбек ҚАБА
(«Махаббат маусымы» топтамасынан)