Мамыр айы – берекелі мерекелер айы

Ассалаумағалейкум, қадірлі оқырман!

Мамыр айы – табиғат-ананың нағыз толысқан шағы. Бар әлем гүлденіп, адамдардың жан дүниелері жасарып, тіршілік атаулы жасанып сұлулық, әсемдік, әдемілік салтанат құрады. Оның үстіне бұл айдың тұла бойы тұнған мереке-мейрам, той, шаттық-қуаныш. Осы айда адамдар алғы күндеріне әдемі, ойлы жоспарлар құрады. Бұл айда береке-ырыздықтың іргесі қаланады. Жер-ананың үстінде тіршілік қызады. Мұның үстіне биыл бұл қасиетті Шағбан айымен астасып әрі қарай Рамазан айымен жалғасады. Біз сіздерді қадірлі ағайын, осынау шұғыла шашқан мейрамдармен, мерекелермен құттықтай отырып, сіздерге, отбасыларыңызға, елімізге зор бақыт, шаттық, қуаныш, таусылмас береке-ырыздық, ұзақ ғұмыр беруін бір Алладан тілейміз. Арман-мүдделеріміз, тілектеріміздің орындалуын жазсын!

Зор құрметпен «ЕлАна» ақпараттық агенттігі