Әдеп жөніндегі Кеңес отырысы өтті

Жақында, 30-наурыз күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінде Әдеп жөніндегі Кеңес отырысы өткізілді.

Әдеп жөніндегі Кеңеспен 4 мәселе қаралды.  Мақат ауданы әкіміне және әкім аппаратының басшысына қатысты тәртіптік іске баға берілді.

Департамент басшысы-Әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы  Т.Жұмағұлов кеңес отырысын кеңес мүшесінің жаңа мүшесі кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалының жаңадан тағайындалған  директоры Абдолла Идресовты таныстырды.

«Әдеп жөніндегі Кеңестің ережесіне сәйкес, ұйым басшысының өз қызметін тоқтатуы Кеңес құрамынан шығаруға негіз болып табылады» — деп хабарлады Т.Жұмағұлов.

Сонымен қатар кеңес барысында мемлекеттік қызметшілердің артық жұмыс жасау уақытына мониторинг қорытындылары  және олардың лауазымдық нұсқаулықтары жарияланды.

Талқыға салынған келесі мәселе, Атырау қаласы және Жылыой ауданы тұрғын-үй, құрылыс автомобиль жолдары бөлімі қызметіндегі  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша қорытындылары.

Әдеп жөніндегі Кеңес отырысының аяғында кеңес мүшелеріне 2017 жылдағы мемлекеттік органдардың қызметіне жасалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг ұсынылды.

Жалпы, кеңес мүшелері мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының бұзылуы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша жасалған жұмыс қорытындыларын мақұлдады. Қорытындысында  Департаментке ұсынымдарды орындау бойынша бақылау жасауды ұсынды.

Айта кету керек, мемлекеттік органдарға берілген ұсынымдар 1 ай уақыт ішінде орындалуға тиісті.

                                         ҚР Мемлекеттік қызмет істері және

                                         сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

                                         Атырау облысы бойынша департаментінің

                                          баспасөз қызметі