Жастар сынға түсті
Бүгін Астана қаласының 20 жылдығы мен Маңғыстау ауданының 90 жылдығына орай аудандық Жастар орталығында «Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен аудандық білім бөлімінің қолдауымен «Не? Қайда? Қашан?» атты жастар арасында зияткерлік ойындарынан жарыс өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Астана қаласының 20 жылдығы мен Маңғыстау ауданының 90 жылдығының маңыздылығын ойыншыларға түсіндіру, жастарға қазақстандық патриотизмді насихаттау, бойына жауапкершілігі мол, ой-өрісі кең, қисынды пайымдап қоймай, маңызын ерекшелейтін жастар мен ойыншылардың көшбасшылық бейнесін қалыптастыру.Астана қаласының беделін күшейту, Маңғыстау ауданының тарихы мен өткенін ұрпақ жадында сақтау, құрметтеуге шақыру болып табылады.
Ойын үш бөлімнен тұрды. Олар «Зияткерлік шың», «Бейнесұрақ», «Қара жәшік» деген бөлімдер. Қатысушылар екі топ «Жас мамандары» тобы мен «Оқушылар» тобы. Бүгінгі іріктеу кезеңіне командалардан Шайыр ауылының «Бақыт құсы» жас мамандар команадасы, Шетпе гимназиясының «Сәттілік» командасы, Шайыр орта мектебінің «Шайыр оты» оқушылар командасы, және Шетпе гимназиясының «Гимназия мықтылары» оқушылар командалары бағын сынады.
Екі топтың ойындары өте қызық өтті. Ойыншылар міндеті тек көшбасшылық қасиетін көрсетіп қана қоймай, командалық жұмысын көрсету еді. Бәрі де ойдағыдай ұйымдастырылды. Бірнеше сағатқа созылған ойында Жас мамандардың ең көп сұраққа жауап берген «Сәттілік» командасы мен оқушылар тобынан «Гимназияы мықтылары» ширек финалға жолдама алды
Аталмыш ойынның финалы қыркүйек айында ауданның 90 жылдығына орай өткізу жоспарланып отыр.
«Бүгінгі шара өте жақсы және қызықты өтті. Мен білмейтін дүниелер көп ақ екен әлі. Алдағы уақытта осындай санамызды ашатын, көңіл көкжиегімізді көкірек көзін оятатын шаралар көптеп болса екен деген тілегім бар. Биылғы жылы аталып өтетін мереке құтты болсын, ағайын.» дейді Шайыр орта мектебінің жас маманы Аманжол Серікұлы.
Қалампыр Төлегенқызы
Аудандық жастар
орталығының маманы
Маңғыстау ауданы.