«Отаным менің»

Бүгін осындай тақырыпта Шетпедегі аудандық мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Маңғыстау  аудандық әкімдігінің қолдауымен ағайынды Асқар жәнеАсанәлі Көшеровтердің шығармашылық ән кеші өтті.

Кеште автордың өзімен бірге танымал әншілер Айда Баегелова, Камшат Ізтілеуова, «Ақжарма» фольклорлық ансамблі, «Жорға» би тобы   сахнаға шығып, аудан тұрғындарына өнерлерін ұсынды.

Кеш басында Асқар мен Асанәлі , «Маңғыстау», «Каспий» «Ауы­лым көшіп барады», «Жел­сіз түнде жарық ай», «Бозбала», «Ой­лан, құрбым» сынды ән­де­рін «Ақжарма» ансамблдің  сүйемелдеуімен көрермендерге тар­ту етсе, жергілікті сазгерлер Көмек Ыбыраев,  Жалғас Кеңесов, Талғат Атшыбаевтардың    сө­зіне жазылған әндерін қос ішекті домбырамен орындап берді.

Кеште сондай ақ Асқар мен Асанәлі  Көшеров  домбырамен жыр-термелер мен эстрадалық әндер орындады.

Кеш барысында аудандағы алғашқы  шығармашылық кешімен аудан әкімі Жармағанбет Айтуаров құттықтап, ақ жол тілеп, алғысхат табыс етті.

Ж.Айтуаров :  «Ағайынды Көшеровтерде  әншіге ең бірінші қа­жет нәрсе – дауыстың  бар екенін, оның кең тынысты ән­ші­лердің қатарына жатады, екеуінің өзіне тән ырғақпен сыршыл әндер айтатынын, сондай-ақ өз мәнерін тапқан әншілер екенін» жет­кізді.

 

Аллаберген Қонарбаев

Маңғыстау ауданы.