Ұлы махаббат хиқаясы

Бір ғұламадан «Сүйікті болу мен сүйе білудің қайсысы артық?»,-деп сұрағанда, ғұлама ұшып бара жатқан құсты көрсетіп: «Ана құсқа қай қанаты маңызды?»,-деп сұрапты.
Лес пен Хелен дәл бір жыл, бір күнде туған екен. Бір-бірін шексіз сүйген екеуі 19 жасында отбасын құрып, 75 жыл бойы бір шаңырақ астында бірге өмір сүрген. Олардың отбасы береке мен мейірімге ғана толы болыпты. Өздерінің 94 жасқа толған күнін бала-шаға, ұрпақ-жұрағаттарының ортасында белгілеп өткізген күннің ертеңінде екеуі дүниеден қатар өтіпті. Әйелі күйеуінің өлімін көре алмады, ал күйеуі сүйіктісінсіз бір күнде өмір сүргісі келмеген…

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ