Мұндай асханалар қытайлықтардың болашақта елімізге жайылуының трамплині екенін біле жүргеніміз дұрыс.

Менің тұратын жерімде қытайлықтар ойып тұрып мейрамханаларын салып алыпты. Кеше осы мейрамханаға кіріп көрмекші болып едім, суретте көріп тұрғандарыңыздай ішіндегі мәзірлер, ірі әріптерімен қытайша, кіші әріптерімен орысша, ал қазақ тілі мүлдем жоқ болғаны менің намысыма қатты тиді. Бастықтарын шақырып едім, бастықтары жоқ екен, орнына менеджері келді. Жағдайды түсіндіріп едім, телефонымның номерін жазып алды да, бастықтарына міндетті түрде менің шағымымды жеткізетінін айтты.

Бүгін осы мейрамхананың бас директоры телефон шалды. «Сырттағы және ішіндегі әріптер неге үлкен әріптермен қытайша жазылған? Біз Қытайда, Ресейде тұрып жатқанымыз жоқ қой. Біз қазақ елінде тұрып жатырмыз, сондықтан олар біздің де тілімізді құрметтесін. Заң бойынша Қазақ тілі бірінші болып жазылып тұру керек» — деп талап қойдым. Біраз әңгімелескен соң жіберген қателіктерін жақын арада түзейтіндерін айтты.
Пы:Сы: Бұл мейрамханада өрімдей әп-әдемі қазақтың қыздары жұмыс істеп жатқандары, айтпаса да түсінікті.

 Ерлан: Кытай тілінде мүлдем жазылмауы тиіс. Заң бойынша барлық жерде түсініктеме, анықтамалар тек қана қазақ, орыс тілдерінде жазылуы тиіс. Осы жағын қатаң қадағалап, талап ету қажет. Заңға сүйеніп, қытай тілін мүлдем жолатпау керек. Қолдан келсе асханасының ашылуының қаншалықты заңдылығын, СЭС талаптарына сәйкестігін тексертіп, талапқа сай келмесе жаптырып тастаңыздар! Ал, ондай кемшіліктер жақсылап тексерсе олардан табылады. Мұндай асханалар қытайлықтардың болашақта елімізге жайылуының трамплині екенін біле жүргеніміз дұрыс.