Момышұлының мірдің оғындай нысанаға дәл тигізер сөздері

Момышұлының мірдің оғындай нысанаға дәл тигізер сөздері бүгінде халық арасында кең тарап, қанатты сөзге айналып кетті. Тілге жүйрік, сөзге шешен хас батырдың қанатты сөздерін назарларыңызға ұсынамын.

Бауыржан МОМЫШҰЛЫ

1. Ердің екі сөйлегені – өлгені. Уәде бермеуге тырыс. Әйтпесе, сөзіңде тұр.
2. Қысқа, нұсқа сөйле. Дауы­сың анық болсын.
3. Көп тыңда. Аз сөйле. Сөзің­нің артынан ісіңмен үлгеруге жаныңды сал.
4. Өсек айтылатын жерде болма. Кездейсоқ болған жағ­дай­да қосылма. Кесіп тас­тауға тырыс.
5. Таспен атқанды аспен ат – жеңісің! Содан кейін алшақ жүр.
6.Ренжітпе! Жүйелі қарғыс иесін табады.
7. Ешқашан мақтанба! Жұрт мақтасын.
8. Өзіңді сыйла. Өзгелер сыйласын.
9.Күнде өзіңе есеп бер. Өзіңді тәрбиелей бер.
10. Құмар ойын – әлсіздің әлегі. Мықтының рухы биік, денесі шымыр.
11. Үйретері мол мықтылардан ұстаздарың болсын. Бірақ, еш­кімді пір тұтпа.
12. Сыйлағанның құлы бол. Кішірею төмендеу емес.
13. Ең алдымен өзіңе өзіңнің көңілің толатындай өмір сүр.
14. Саяхатта. Дүниета­ны­мың­ның аясы кеңейеді.
15. Қайтарымынан үмітті болсаң, жақсылық жасама.
16. Жүйкең әлі талай қажет болады. Болмашыға тоздырма. Шешуші сәттерге бапта.
17. Бойжеткеннің көңілін оңай жаулап, онымен болғаныңа шат­танып, сөз қылма. Ерлік емес!
18. Уайымға салынудан ал­шақ бол. Арба да сынбайтын, өгіз де өлмейтін шешім қабыл­да. Тез шешім қабылда.
Тәуе­­кел түбі жел қайық – жүзе­сің де өтесің. Уайым түбі – тұң­ғиық батасың да кетесің.
19. Уәзірі мықтының тірлігі жеңіл. Мықтысын таңда!
20. Сырыңды ешкімге алдырт­па! Екі елі ауызыңа сыймаған сөз өзгенің отыз екі тісінің арасына тіптен сыймайды.
21. Мүмкін нәтижелерін елес­те­тіп көр. Нәтижесі ұна­маса, келіспе.
22. Өкпелеме. Өш алма. Санасына бер. Аллаға тапсыр!
23. Қыран құстай қырағы бол. Өзгелерді өзіңдей көрме.
24. Пенденің пендеден айыр­ма­шылығы адамгершілігі мен білімінде. Таны, оқы!
25. Өнер үйрен. Маман­дығыңда мықтысы бол.
26. Жер қозғалмаса қозғал­майтын сабырлы зіл бол.
27. Өміріңнің сапасына тек сен жауаптысың.
28. Жалғыз апаңа (әпкеңе) қорған бол. Тұрмыста болса да өз күйеуі – қорғаны бар деме. Сенің орның тым бөлек.
29. Ең жақсы сыйлықтарды апаң мен әйеліңе жаса, маған сыйлағаның болсын.
30. Үйленуге асықпа. Жар таңдаудан жаңылма.
31. Ұрпақ тәрбиесі елу пайыз сенің мойыныңда. Ұлың өзіңнен озатын болсын! Қызың саған қарап серігін тауып бақытты болсын.
32. Ердің аз міндеттерінің бірі от­басын асырау. Саған сенген­дер­ге ешнәрседен таршылық көр­сетпе.
33.Барлық жақсы қасиеттің діңгегі әдептілік. Барлық жақ­сыны әдептің үстіне орнат.
34. Кім қанша төмен түссе де, сен өзі биігіңде қал.
35. Мықты болсаң, әйелге барып дәлелде! Балаларыңның анасын бақытты етіп өт. Жарыңның саған риза болып өткені мен үшін ұлы мадақ.