«Қазгидромет» РМК Атырауда күкірттің концентрациясы рұқсат етілген шамадан 200 есе асқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында «Қазгидромет» РМК Атырау облыстық филиалының директоры Салауат Түленов Атырауда  күкірттің концентрациясы рұқсат етілген шамадан 200 есеге асқандығы туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.  

Баяндамашының айтуынша, 2 сәуір күні Атырау қаласы тұрғындарының шағымы бойынша арнайы комиссия құрылып, 1 ай көлемінде қаланың ішіндегі және сыртындағы атмосфералық ауаны зияндылығын бақылайтын болады. Комиссия құрамына «Қазгидромет» РМК, экология департаментінің қызметкерлері және қоғам белсенділері кірді.

-9-10 сәуір күндері Атырау-Астрахан тас жолының бойында 10 шақырым қашықтықта орналасқан «Туxлая Балка» алаңында үш нүктеден ауа сынамалары алынды. Бұл АМӨЗ артында қалада орналасқан «Туxлая Балка»  емес. Ауа сынамалары » Атырау Су Арнасы» КММ тиесілі ластану аймағынан алынғандықтан, біздің газ анализаторларға күкірттің көп мөлшерін тіркелген. Алайда, бұл көрсеткіштер қалада ауаның ластануы орын алғандығын көрсетпейді, мұндай ақпарат тіркелмеген,- дейді Салауат Түленов.

«Қазгидромет»  РМК Атырауда  күкірттің концентрациясы рұқсат етілген шамадан 200 есе асқаны туралы ақпарат жалған. Бүгінгі күні, 11.04.2018 жылы «Қазгидромет» РМК тексерісі бойынша НКОК және АМӨЗ компаниялары Атырау қаласындағы ауада күкірт концентрациясын рұқсат етілген шамадан асырмады.

Атап өтейік, Атырау аумағында ауа мониторингі 2 мамырға дейін жүргізіледі. Оның мақсаты атмосфераның ластануының негізгі көздерін анықтау болып табылады. Осыдан кейін барлық жиналған ақпарат Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне берілетін болады. Зерттеу нәтижелері БАҚ және әлеуметтік желілерде жарияланады.

 

    Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі