Кітап — білім бұлағы.
Өткен жылы наурыз айында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ел болашағы жастардың білім алуына, алдыңғы қатарлы мемлекеттердің озық тәжірибелерін оқу үрдісіне енгізу бағытында атқарылуға тиіс «100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыру жұмыстары жан — жақты пысықталған болатын.
Осы орайда жуырда ғана Елбасымыздың «Гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы тұсауын кесіп, нәтежиелі жемісін берді. Жуырда ғана 18 оқулық қазақстандық жастарға жол тартты.
Елбасының арманы — гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, қазақ елінің жастарына дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау, алдағы бірнеше жылдың үлесіндегі ең таңдаулы жұмыс жобалардың мақсат — міндеті болып табылады. Бағдарламаның ұтымды тұстарын Маңғыстау жастары да құптап отыр.
Білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау – болашаққа жасалатын ең басты бағдар. Сондықтан әлемнің үздік 100 оқулығын Ұлы дала елінің тілінде сөйлету әрине құптарлық дүние. Ол үшін мемлекет тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалып жатыр. Бұл ауқымды жоба өз жемісін бере бастады. Әлемдегі ең үздік аударылған 100 оқулықпен студенттерді оқытуды бастау алды.
Елбасымыз ұсынған «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы да уақыт талабынан туындап отыр. Жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті боламыз десек, әлемдік деңгейдегі ең озық оқулықтардан, ғылыми әдебиеттерден білім алған абзал. Біз әлі күнге дейін көбінесе орыс тіліндегі шетелдік әдебиеттерді қолданамыз. Бұл қазақ тілінің ғылым тіліне айналуын тежейді, орыс тіліне деген тәуелділікті арттырады. Егер қазақ тілін дамытамыз, білім мен ғылым тіліне айналдырамыз десек шет тілдеріндегі оқулықтар мен ғылыми әдебиеттердегі маңызды ақпаратты түпнұсқадан ала білуіміз қажет деп ойлаймын.
Аталмыш жоба жастарға тың серпін беретін басым бағыттардың бірі және бірегейіне айналып отыр. Аталмыш жоба әлемдегі таңдаулы оқулықтарды қазақ тіліне аударып, оқу үрдісіне енгізді. Сөйтіп, ең бастысы тұсауы кесілген 18 гуманитарлық бағыттағы оқулық қолымызға тиді.
Бұл кітаптардың ішінде бізге жақын философия, дінтану, экономика бағытындағы оқулықтар бүгінгі күннің ең өзекті тақырыптары болып отыр. Атап айтар болсақ әсіресе «Кәзіргі психология тарихы», «Әлеуметтік психология», «Әлеуметтанау теориясы, «Тіл білімен кіріспе», «Құдайтану баяны», «Менеджмент», «Кәсіпкерлік», «Төртінші индустриялық революция» сияқты оқуылықтар өз басыма қатты ұнады. Сондай ақ осы оқулықтардың ішінде «Медиа этика» кітабы авторы Ли Энн Пэк. Бұл кітапта еңбекке жарнама, жаңалықтар, қоғамдық қатынастар саласында жұмыс жасайтын мамандарға таптырмас кітап болып отыр. Кітап кіріспесінде философиялық толғамдармен теориялық тұжырымдар, моральдық мәселелер жан жақты баяндалған.Бұл кітап болашақ жарнама немесе журналистика саласының мамандарына ең қажетті оқулық дер едім. Бір сөзбен айтқанда әр он сегіз оқулықтың бүгінгіқоғамнанойып тұрып орын алатын ролі жоғары.
Бұл оқулықтар жастардың әсіресе ауыл жастарының әр түрлі қажетті заманауи білім мен салаға деген қызығушылығын арттырып отырғаны сөзсіз. Елбасының сарабдал саясаты мен ұлт жолындағы ұстанымдары болашаққа бағдар көрсетумен қатар алдағы рухани дамуымыздың өзегіне айналарына сенімім зор. Оң болсын, оқулығымыз!
Аллаберген Қонарбаев
«Жас Отан» ЖҚ жетекшісі
Маңғыстау ауданы.