Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы қандай?
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің тексеру нәтижесі бойынша былтыр 1758 заң бұзушылық анықталған болса, осы жылдың 1 тоқсанында 2299 оқиға тіркелді.Былтыр лауазымдық тұлғаларға қатысты 28 және осы жылдың 1 тоқсанында 13тәртіптік жаза тағайындалды,.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті басшысының орынбасары Тыныштық Жүсіповтің сөзінше, заң бұзушылықтардың басым бөлігі жер қатынастары, білім беру және әлеуметтік қорғау салаларында анықталды. Жиі кездесетін оқиғалардың қатарында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы, стандарттарға сай клемейтін артық құжаттарды талап ету, бизнес-үрдістердің бұзылуы және т.б. 2017 жылы екі және биыл бір лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды. Бұл фактілер жер қатынастары саласында орын алған.
— 2017 жылы 21 шағым түсті. Олардың басым бөлігі қызметтердің сапасына қатысты болса, 7 шағым (33,3%) жер қатынастары саласының мамандарына қатысты болып шықты. Осы жылдың 1 тоқсанында 6 шағым тіркелді.Тұрғындардың өтініштері негізінде 10 тексеріс жүргізілді. Шағымдар расталып, 7 өтініш берушінің құқықтары қалпына келтірілді, — дейді Тыныштық Жүсіпов.
Мемлекеттік қызмет көрсету сараптамасы бойыншабиылғы жылдың 1 тоқсанындаоблыстағы мемлекеттік органдар тұрғындарға 1,5 млн. қызмет көрсетті. Оның 20 пайызы мекемелерді кеңселері арқылы алған. Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталықтарынан онлайн-режимі арқылы алуға болады. Өңірімізде электрондық жүйе арқылы қызмет көрсету көлемі артып отыр (54,2 %).Жыл басынан бері облыс халқына 63 954 электрондық цифрлық қолтаңба берілді, бұл Павлодар облысының әлеуметтік белсенді тұрғындары, яғни 15,3%.
Тілеуберді САХАБА