РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП МҮШЕЛЕРІ ОҢТҮСТІК ӨҢІРІНДЕ  

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау мен бағалауды іске асыру жөніндегі Республикалық арнайы мониторингтік топ мүшелері Оңтүстік Қазақстан облысына екі күндік жұмыс сапарымен келді.

Басты мақсат — қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға кеңінен тарту, қоғамдық бақылау саласындағы өзекті мәселелерді талқылау болып табылады.

Бірінші күні республикалық арнайы мониторингтік топ бірқатар мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелердің жұмысымен танысып, мемлекеттік қызметшілермен, этномәдени орталықтардың өкілдерімен кездесті.

Ең алдымен Арнайы мониторингтік топ мүшелері облыстық аурухананың жұмысымен танысып, көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты халықтың пікірін тыңдады. Сондай-ақ, көпшіліктің сұранысы бойынша «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ОҚО өндірістік филиалының басшылығымен кездесті.

Әрі қарай, жұмысшы топ Қазақстан халқы ассамблеясында облыстық арнайы мониторингтік топтың мүшелерімен, этномәдени орталықтардың төрағаларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Ғалым Симбекұлы, Ырза Тұрсынзада Арнайы мониторингтік топтың қызметіне, атқарылған жұмыстарына тоқталып өтсе, Агенттіктің қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету сапасына, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға кеңінен тоқталды.

Іс-шарада облыстағы этномәдени бірлестіктердің жай-күйімен таныстырған облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі М.Қалмұратов, келген қонақтарға этномәдени бірлестіктердің өкілдері атынан алғыс білдірді.

Іс-сапар барысында облыс жастары арасында өткен пікірсайысқа қатысқан  республикалық Арнайы мониторингтік топ мүшелері бүгінде Қазақстандық жастар бейбіт өмірде өмір сүріп жатқанын атап өтіп, Елбасы үміт артқан жастарды барлық жағынан белсенді болуға шақырды.

Жұмыс сапарын жалғастырған Республикалық арнайы мониторингтік топ мүшелері мен Агенттік қызметкерлері Шымкент қалалық фронт офисі мен №24 жалпы орта мектептің жұмысымен танысты.

Одан әрі, облыстағы барлық мемлекеттік органдардың басшыларымен, аудан, қала әкімдері мен Әдеп жөніндегі уәкілдерімен кездесіп, Агенттіктің негізгі жұмысы қызметшілерді жазаға тарту емес, керісінше бұзушылықтардың алдын-алуға бағытталғанын жеткізді.

«Сіздерді өз тараптарыңыздан өздеріңіз басқарып немесе қызмет атқарып отырған мемлекеттік органдарыңызда өзгерістер идеясын белсенді насихаттауға, өздеріңіз ұсынған Жобалық менеджерлерге қолдау көрсетіп, ой-өрістеріңізбен бөлісіп және осы «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырамын» дедіДепартамент басшысы Әли Амантайұлы.

Осыған байланысты, 8,5 мыңнан аса мемлекеттік қызметшілер және білім, денсаулық саласының 105 мыңнан аса мамандары  бүгінгі таңға ХҚКО бармай сұранысқа ие қызметтерді электронды түрде алып жатқандығын хабарлады.

Оңтүстік Қазақстан облысында облыстық, аудан,қалалық арнайы мониторингтік топ құрылған. Оның құрамына азаматтық қоғам институттары, белгілі қоғам қайраткерлері мен танымал блогерлер енген.

Арнайы мониторингтік топ мемлекеттік пен қоғам арасындағы байланыстырушы көпір ретінде қызметтің барлық салаларында азаматтық бақылауды жүзеге асырады