Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол» марафоны өтті
25 сəуір күні Жылыой ауданы әкімі аппараты жəне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен орталық алаңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол» марафоны өтті.
Шараға «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратының партиялық бақылау департаментінің басшысы-Баймұрзаев Нұрлан Жəленұлы,
Арнайы мониторингтік топ жетекшісі, қоғам қайраткері — Соловьева Айгүл Сағадибекқызы,
Республикаға танымал дизайнер, ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты — Ырза Тұрсынзада,
Республикалық Агенттік өкілдері Тюлебаев Равиль Қуанышбайұлы, Бердалин Арман Тлектесұлы, Қозбағаров Айбол Орынбайұлы жəне Атырау облысы бойынша департамент басшысы Тоқтамыс Қадошұлы мен БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында орталық алаңда аудандық жастардың «Жемқорлыққа жол жоқ » флешмобы өткізіліп, Жылыой ауданы сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол» марафон-эстафетасының туын Индер ауданына табыстаған болатын.
Арнайы мониторингтік топ құрамы сонымен қатар осы жылы ашылып өз өнімін беріп үлгерген «Жылыжай кешеніне» барып жұмысымен танысып, соңғы үлгідегі заманауи технологиямен өнім алып отырған кешен жұмысына оң бағасын берді.
Сонымен қатар мониторингтік топ мүшелері «Аудандық жұмыспен қамту орталығының» жұмыс барысымен танысты. Жұмыспен қамту орталығы директоры Қ. Омаровтың мəліметінше жаңа ғимаратқа замануи терминал қойылып жұртшылыққа сапалы қызмет көрсетуде. Жыл басынан бері орталықта тіркеудегі 607 тұрғын жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ еңбекпен қамту шаралары, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жастар тəжірибесіне жолдау, кəсіптік оқыту бағдарламаларын ұсынатынын айтты.
Аудандық «Кең Жылыой» мəдениет үйінде өткен аудан активтерімен жиын кезінде аудан əкімі Əлимұхаммед Құттымұратұлы ауданның əлеуметтік экономикалық даму көрсеткішін баяндай келе Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиянының басты бағыты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениет деңгейін қалыптастыру бойынша нақты кешенді іс-шаралардың аудан көлемінде əлі жалғасын табатынын атап өтті.
Айсұлу Мирамғалиқызы,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы