Атырау облысында мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейі бағаланды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Атырау облысында бірқатар кездесулер өткізді.

Атап айтқанда, бүгін Атырау облысының әкімдігінде Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің, Әдеп жөніндегі уәкілдердің және тәртіптік комиссия төрағаларының қатысуымен жиын өткізілді.

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Равиль Төлебаев өңірдегі Әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысының сапасы мен деңгейіне оң баға берді.

Сонымен қатар, ол Әдеп жөніндегі кеңес қызметіне қоғамдық ұйымдардың өкілдерін тарту арқылы Әдеп жөніндегі кеңес құрамының кеңейтуін атап өтті, бұл өз кезегінде мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының әдеп нормаларының талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселесі қоғамға ашық түрде жарияланатындығын білдіреді.

Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін көтеру бойынша Кешенді жоспардың, сондай-ақ Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің дербес қоғамдық қызметінің жүзеге асырылған шаралары жеке бөлік ретінде жарияланған болатын.

Жиыннан кейін Равиль Төлебаев мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді.

Агенттіктің өкілі қатысушыларға Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жүзеге асуы туралы және мемлекеттік қызмет саласындағы жаңалықтар туралы тоқталып өтті.

Кездесу соңында жиынға қатысқан мемлекеттік қызметшілерге әдеп кодексінің шағын кітапшалары табысталды.

«Біз барлық мемлекеттік қызметшілерге өз қызметінде қарапайым тілмен жасақталынған Pocketbook анықтамасын басшылыққа алуды ұсынамыз» — деп Р.Төлебаев өз сөзін қорытындылады.

Өз тілшімізден