1 Мамыр –Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік шара өтті
2018 жылдың 25 сәуір күні Атырау облыстық Филармония үйінде «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен №18 «Балдырған» балабақшасының жас талантты белсенділерімен «1 Мамыр –Қазақстан халықының бірлігі күніне» арналған мерекелік шара өткізілді. Шараға қала тұрғындары мен қала қонақтары қатысты.
«Былина» орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы А.Короблев қала тұрғындарын мерекемен құттықтады. Мерекелік шараға көрермен ретінде «Теңізшевройл» компаниясының және қазақ-түрік бірлескен кәсіпорын қызметкерлері отбасыларымен қатысты. Сонымен қатар, олар қазақ елінің қонақжайлылығын және барлық ұлттармен бірлігін, достығын жоғары бағалайтындарын айтып өтті.
Ортақ шаңырақ астында бірлігіміз жарасқан ел болып, ынтымағымыз арта берсін! Осы мерекелік күнде сіздерге денсаулық пен бейбітшілік күннің бірлігін, алдағы уақытта еңбек табысын тілейміз!
Атырау облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі