«Ортақ шаңырақ аясында» атты достық мерекесі

2018 жылдың 30 сәуір күні Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің және «Жұмыскер» мәдениет үйінің ұйымдастыруымен  Атырау қаласының «Жұмыскер» ауылдық округінде  1 — Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған облыстық этномәдени бірлестіктерінің қатысуымен  «Ортақ шаңырақ аясында»  атты мерекелік  шара өтті.

Халықтардың бірлігі күні — бұл ең маңызды, жарқын мерекенің бірі.   Ол — достық пен өзара түсінушілік, бірлік мерекесі.

Шараның мақсаты: қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру, отансүйгіштік сезімді арттыру және ұлттар достастығының үлгісін паш ету.

Мерекелік іс-шараға Атырау облысының этномәдени бірлестіктер мүшелері, қала тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.

«Ортақ шаңырақ аясында» атты салтанатты шара барысында сөз алған Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сі басшысының орынбасары Л.Джылқышиева қонақтарды мерекемен құттықтап, жылы  лебізін жолдады.

Мерекелік шараға  бір жүзден астам көрермен қатысты. Соның ішінде Достық үйі — қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестіктерінің белсенді мүшелері, яғни,  шығармашылық ұжымдары ұйымдастырылған концертке белсене қатыса отырып, өз өнерлерін ортаға салды.

Қазіргі кезде Қазақстанда көптеген ұлттар мекендейді. Олар бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүруде. Міне, осы мереке халқымыздың бірлігін көрсетеді.

Атырау облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі