Павлодар облысының әкімі жеңімпаз болды

Жақында Астана және Алматы қалалары мен еліміздің барлық облыстарының әкімдері  дала жиындарына қатысып, тапаншадан оқ ату сайысы ұйымдастырылды. Осы жарыс барысында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов бірінші орынды иеленді

Әкімдердің жиыны Жамбыл облысының  «Отар» әскери базасында өтті. ҚР Қорғаныс министрлігі сайтының хабарлауынша, 40-шы оқу полигонында аймақ басшылары атқыш қаруы мен әскери машиналардан оқ атудан сайысқа түсті. Әкімдер арасында өткен әскери сайыстың қорытындысы бойынша Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов «Макаров» тапаншасынан оқ атудан  бірінші орын иеленіп, арнайы дипломмен марапатталды және «Мерген»  ескерткіші сыйға берілді.

Сонымен қатар, «Отар»  базасында өтіп жатқан шеру барысында облыстар мен қалалардың әкімдеріне 2015 жылы 25 желтоқсанда ҚР Президентінің Жарлығымен құрылған аумақтық қорғаныс бригадаларының әскери белгілері табыс етіледі.

Өз тілшіміз.