«Электронды үкімет» веб-порталында жаңа мүмкіндік-«Үшінші тұлғалармен анықтамалар алу сервисі»

Елбасымыздың биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында ерекше назарды мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыруға аудару қажеттілігін атап өткен болатын.

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы міндеттерін, сондай-ақ «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік органдардың (ведомствоға бағынышты ұйымдардың, квазимемлекеттік сектордың) процестерін, оның ішінде халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды бағыттарының бірі болып анықталған.

Бұл ретте, ҚР Премьер-Министр орынбасарының 2017 жылғы
11 қыркүйектегі хаттамалық тапсырмасына сәйкес, 2018 жылғы
25 қаңтардан бастап қызмет алушылардың Халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруын қажет етпейтіндей етіп, «электрондық үкімет» веб-порталында қызмет алушының СМС келісімі бойынша үшінші тұлғаның анықтамалар алу сервисі (бұдан әрі — Сервис) іске қосылды.

Осыған байланысты, аталған сервистің қолжетімділігі мен тиімді тұстарын қоғам арасында мейлінше кеңінен танымал ету, сервисті жаппай қолдану және электронды мемлекеттік қызметтердің  тиімділігін халық арасында, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер арасында кеңінен насихаттау мақсатында Агенттіктің Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Атырау облысы әкімі аппаратының ғимаратында жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор, өңірлік банк филиалдары және түрлі кәсіпорындардың кадр қызметтерінің, сонымен қатар, коммуналдық қызметтер өкілдерінің қатысуымен ауқымды жиналыс өткізілді.

Айта кетерлігі, аталған Сервис «Электронды үкіметтің» веб-порталында авторизациядан өткен үшінші тұлғаларға (жеке және заңды тұлғалар) онлайн режимде қызмет алушы (жеке тұлға) туралы тиісті мәліметтер алу үшін өтінім беру мүмкіндігін қарастырған.

Қазіргі таңда Сервисте халық арасында кеңінен таралған мына сұранысқа ие қызметтер қолжетімді:

— мекенжай анықтамасы, қаңтар-сәуір аралығында 1,2 млн. көрсетілген;

— сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама – 315 мың;

— жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама – 277 мың;

— жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама – 210 мың.

Сонымен қатар, қызмет алушылар сауалнамасының нәтижесі бойынша 23,6% ақпараттық анықтамалар азаматтардың жеке қолдануы үшін берілген (мысалы, зейнетақы аударымдарын немесе мемлекеттік деректер қорында мәліметтерді түзету мәліметтерін тексеру).

Сонымен қатар, 42,4% қызмет мына ұйымдардың сұрауы бойынша көрсетілген:

— банктер — 11,0%;

— жергілікті атқарушы органдар — 6,2%;

— білім беру ұйымдары — 6,6%;

— коммуналдық қызметтер — 9,8%;

— медициналық мекемелер — 4,7%;

— әскери бөлімдер — 4,1%.

Сервисті қолдану үшін міндетті талаптың бірі қызмет алушының телефон нөмірін мобильді азаматтардың базасына тіркеу болып табылатынын атап өту керек.

Мобильді азаматтар базасына тіркелу үшін қызмет алушы «электрондық үкімет» веб-порталдағы өзінің жеке кабинетіндегі «телефон» бағанына қолданыстағы телефон нөмірін енгізуі немесе оны кез-келген Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп жеке сәйкестендіру нөміріне (ЖСН) тіркеуі арқылы кең таралған 4 түрлі қызметті еш қиындықсыз ала алады.

Ол үшін веб-порталдағы «үшінші тұлғалармен анықтама алу» бағанына барып, тиісті қызмет алушының жеке сәйкестендіру нөмірін теріп, оған СМС хабарлама жібереді.

Азамат келісімін берген жағдайда, сұраныс берген кадр қызметі қалаған 4 қызметтің бірін оңай ала алады.

Жиналыс соңында, Агенттіктің Атырау облысы бойынша департамент қызметкерлері мен Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Е. Галиев кадр бөлімдеріне аталған сервисті жаппай қолдануды жеке бақылауына алуын тапсырылып, жиын қатысушылары сервистің тиімді тұстарын атап өткен департамент қызметкерлеріне алғысын айтты.

 Өз тілшіміз,

Атырау облысы