Павлодарлық оқушы Сервияда өткен халықаралық олимпиададан жеңімпаз болды
Жақында Сервия республикасының Белград қаласында болған математиктер олимпиадасына барған павлодарлық оқушы Мохаммед-Али Амир алтын медальмен оралды.
Амир Павлодар қаласындағы «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 11 сынып оқушысы. Ол бұған дейін әлемдік және халықаралық математика олимпиадаларының бірнеше дүркін жеңімпазы атанып үлгерген талантты да білімді оқушы.
Жалпы Қазақстан құрамасы екі алтын, бір күміс және екі қола медаль алып, бесінші орынға ие болды. Қазақстан құрамасында Астана, Алматы және Павлодар қалаларының оқушылары болды.
Халықаралық олимпиадаға 18 елдің өкілдері келген. Командалар арасындағы бірінші орынды Болгария, екінші орынды Румыния, үшінші орынды Сербия, төртінші орынды Түркия еншілесе Қазақстан командасы 182 ұпаймен бесінші орында тұр.
Тілеуберді САХАБА