21 талант және 3 шығармашылық ұжым Атырау намысын республикалық байқауда қорғайды
Атырауда облыстық XIV облыстық Дельфий ойындары аяқталды.
Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы шығармашыл жастарды қолдау мақсатында облысымызда жыл сайын Дельфий ойындарын ұйымдастырады. Байқау жас таланттарды тауып, оларды қолдау және жастар арасында мәдени мұраны насихаттап, ұлттық өнердің дамуына ықпал етіп, рухани, эстетикалық тәрбие беру мақсатына бағытталған.
Байқауда Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясының, Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының оқытушылары және өнер жұлдыздары қазылық етті. Облыстық сайыста жүлделі орынға ие болған 21 талантты жас және 3 шығармашылық ән-би топтары Ақтау қаласында өтетін Республикалық Дельфий ойындарына жолдама алды. Жеңімпаздар ұйымдастырушылар дайындаған арнайы дипломдармен, медальдармен марапатталды.
Айта кетейік, биылғы Дельфий ойындарына өткен 2017 жылмен салыстырғанда қатысушылар саны 150-ден 230 адамға артып отыр. 2017 жылы Республикалық ХІІІ Дельфий ойындарына Атырау облысынан 19 жас жолдама алып, 10-ға жуығы жүлделі орындармен қайтқан болатын.
Атырау облыстық Өңірлік коммуниккациялар қызметі